ДИКТОР: Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында облыста «TULGA BOL» жобасы жұмыс істеп тұр. Осы бағдарлама аясында облыстың қалалары мен аудандарында жұмыссыз жастарға көшпелі кеңестер ұйымдастырылуда. Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

РКС: Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы тоқсан сайын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді. Ашық терезе форматында жұмыс берушілер қажетті мамандарды іздейді.

СНХ: АРУЖАН ҚҰЛАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ «NEET» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ: Тұлғалық республикалық жобасы аясында Көкшетау қаласының Рио сауда ойын- сауық орталығында бос орындар мемлекет жәрмеңке өткізген болатын. Бос орган жәрмеңкесі жалпы негізгі мақсаты бұл әрине жұмысқа жастарды орналастыру. Жұмыс берушімен, жұмыс ізденуші арасындағы кері байланысты орнату болып табылады. Осы жәрмеңкені Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы өткізген болатын. Осы жәрмеңкеге Новопэк», «Камаз инжиниринг» ұйымдары, «Тыныс» акционерлік қоғамы қатысқан болатын.

РКС: Жұмыс берушілердің көпшілігіне техникалық білімі бар қызметкерлер қажет. Олар белгілі бір бос орынды таңдауға қызығушылық танытқан әр жасқа толық мағлұмат берді. 30-ға жуық жұмыс іздеуші қатысты.

СНХ: АРУЖАН ДОСЫМОВА, КӨКШЕТАУ КӨПСАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгін мен бұл ұйымдардың жастарға көптеген қызықты бос орындар ұсынатынын білдім. Осындай жәрмеңкелер үшін рақмет. Олар мектеп түлектері мен студенттер үшін өте маңызды.

РКС: Мұның бір тиімділігі, осы формат бірден бірнеше жұмыс берушімен сөйлесуге мүмкіндік береді. Жұмыс тәжірибесінсіз жұмысқа орналасуға да болады.

 ЯНА КРЮЧЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ