ДИКТОР: «Ауылым – алтын бесігім». Дәл осындай атаумен Зеренді ауданына қарасты Жолдыбай ауылының тұрғындары концерттік кеш өткізді. Қойнауы қазынаға толы, қаймағы бұзылмаған елдімекеннің әдемі кешіне жергілікті тұрғындармен қатар, ауылдан жырақта жүрген қала қонақтары да көрермен болып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жолдыбай ауылының 100 жылдық тарихы бар. Әуелде ауыл Амангелді колхозы болып құрылған. Ертеден ауыл Орта жүз Құттыбай руынан тараған. Қазір бұл ауылда бір атаның балалары тұрады. Мерекелік іс-шара жолдыбайлықтарды ауызбіршілікке, елі мен жерін ұмытпауға шақырады.
СНХ: АЗАМАТ СӘБИТОВ, СИМФЕРОПОЛЬ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Ауылымызда осындай бір керемет іс-шара өтіп жатыр. Біздің тұрғындар ұйымдастырып. Тұрып жатқан барша азаматтарға осындай бір керемет концерт өткізіп жатыр. Қуанып жатырмыз қолдап. Керемет жиын болып жатыр. Шетте жүрген ағайын келіп көрісіп жатыр міне. Көптен көрмеген ағаларымыз бар мында. 10 жылдан, 20 жылдан астам көшіп кеткен ағаларымыз бар.
РКС: Ауыл-жан тыныштығының отаны. Әрбір ауылда туған адам ауылдың кереметтілігін түсінетіні сөзсіз. Жүректің түкпіріндегі ауылға деген сағынышты, махаббатты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның ғажап табиғатын, таза ауасын, жанға дауасын ауылда туған адам ғана түсінеді. Әркімнің туып өскен жері өзіне ыстық. Бүгінде ел азаматтары ауылын көркейтуге, жандандыруға күш салып жүр.
СНХ: МАРАТ ӘБІЛМӘЖЕНОВ, ЖОЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ: Бір атаның балалары тұрғанымен өте ұйымшыл. Көп жылдан бері осы ауылда еңбек етті. Еңбек ардагерлері бар, ауылдың үлкендері бар. Әрине соғыс ардагерлері де бар. Осы ауылдың ұйымдастыруымен, ауыл жастарының, ауыл тұрғындарының, Құттыбай атадан тараған балаларының біз осыдан 3-4 жыл бұрын үлкен іс-шара атқардық. Ол осы соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне үлкен монумент қойылды осы ауылға.
РКС: Кеш барысында ауыл тұрғындары, ел тумалары «Ел ақсақалы», «Ел ақыны», «Ел ағасы», «Ел бапкері», «Ел даяғашысы», «Офицер анасы» арнайы дайындалған медальдармен наградталды. Кенжебай Оспанов еңбек жолын туған ауылында бастаған. Техникумды аяқтаған соң, Жолдыбайда есепші болып жұмыс істеген. Кейін бас агроном болып қызмет атқарған.
СНХ: КЕНЖЕБАЙ ОСПАНОВ, «ЕЛ АҚСАҚАЛЫ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ: Бәріміз ауылға қарай тұра жүгіреміз. Ауыл деген шіркін тамаша ғой. Табиғаты қандай онды. Мына жағымызда өзеніміз, мына жағында орманымыз бар. Осы жерде тудық, осы жерде өстік. Осы жерде семья құрдық. Осы жерде еңбек еттік зейнетке дейін.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ