ДИКТОР: Қоршаған орта мен ауаның ластануы елдегі өткір мәселенің бірі. Бұл Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басты назарында. Бүгінде Экология кодексіне өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес заңнаманың 184-ші және 186-шы баптарының 4 тармағына сәйкес 1 санаттағы кісіпорындарға автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату міндеттелді.

РКС: Бұл жүйе өндірістің ауаға шығаратын зиянды қалдықтарды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Өңірде автоматтандырылған мониторинг жүйесін қажет ететін 3 кәсіпорын бар. Ол жүйе қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтардың көрсеткіші шамадан тыс болған жағдайда орнатылады.

СНХ: ЕРЖАН АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бір стационарлық ұйым жылына 500 және одан да көп тонна ауаны ластайтын зиянды заттар шығарған жағдайда орнатылады. Сондай-ақ электр қуаты 50 мегаватт не одан жоғары газды қоспа шығаратын кәсіпорындар, сондай-ақ, отынмен жұмыс істейтін станциялар мен жылу қуаты 100 гигакаллорийден және одан жоғары қазандықтар үшін бұл құрылғы орнатылуы тиіс. Ал, газбен жұмыс істейтін энергия қуатын өндіретін өндірістер 500 мегаватт, қазандықтар 1200 гигакаллорий көрсеткішіне жетсе немесе одан асып кетсе, автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылуы тиіс.

РКС: Бекетілген норматив бойынша, автоматтандырылған мониторинг жүйесі азот, көміртек оксидтері мен күкірт диоксидін, шаң сияқты ауаны ластаушы заттардың көрсеткішін мониторинг арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Облыс бойынша 5 кәсіпорынның атмосфераға шығаратын зиянды қалдықтарының көрсеткіші бойынша құрылғыны орнату талаптарына сәйкес келіп тұр.

СНХ: ЕРЖАН АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Степногорск жылу-электр орталығы, «Көкше-Цемент», «Котельная АСИ» серіктестіктері мен «Көкшетау Жылу» және Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы мекемесі ауаға зиянды қалдықтарды көп шығарады. Аталған кәсіпорындардың ішінде Степногорск жылу-электр орталығы мен «Көкше-Цемент» серіктестігі автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатты. Ал қалған кәсіпорындарда қаржыландыру мәселесі қарастырылып жатыр.

РКС: Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстар мен қоршаған ортаның ахуалы туралы автоматтандырылған мониторинг жүйесіндегі деректер нақты уақыт режимінде Ұлттық мәліметтер банкіне жіберіледі. Оны қоршаған ортаны қадағалау саласындағы уәкілетті орган қадағалайды. Егер белгілі бір кәсіпорынға мониторинг жүйесін орнату міндеттеліп, одан соң экологиялық заңнама талаптарын орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ