ДИКТОР: Қырғызстанда Ыстықкөл көлінің жағасында 8-ші халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті. Ақмолалықтар каратэ-до шотокан бойынша сынға түсті. Нәтижесінде ақмолалық спортшылар 17 медаль еншіледі.

РКС: Облыс намысын 8 спортшы қорғады. Негізгі құрам – олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт мектебінің өкілдері. Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2 тәрбиеленушісі қатысты. Бапкерлері Руслан Дүкембаевтың басшылығымен балалар өңір қоржынын медальдармен толтырып қайтты.

СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ҚР СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Осы фестиваль биылғы жылмен 8 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Фестиваль 24 спорт түрінен өтті. Оның ішінде каратэ-до шотокан бойынша өткізілді. Оған енді Орта Азиядағы елдер жиналып, өте мықты бәсекеде, өте жақсы ұйымдастыру шаралығымен жоғары деңгейде өтті. Жарысқа баратын алдында Қырғыз командасымен байланысқа шығып, олармен бірге оқу-жаттығу жиын өткіздік.

РКС: Спортшылар 4 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Әрқайсысында бірнеше жүлдеден бар. Дода түрлі техника бойынша өтті.

СНХ: РУСЛАН НИКОЛЕНКО, ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРІ: Бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алдым. 18 жастан асқан ерлер санатында 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде "жеке кумите" алтын медалін жеңіп алдым. Финалға командаласым Асанәлі Сүтбаевпен шықтым. Ол чемпион атанды, мен күміс жүлдеге ие болдым. Сондай-ақ, "Оpen" санаты бойынша жеке кумитэден екінші орын алдым.

СНХ: ӘЗИЗА АБДУЛИНА, ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРІ: Мен өзім жеке кумитэ бағдарламасынан 3 орын, және жеке ката бағдарламасынан 2 орын алдым. Мен -59 салмағында қатыстым. Менің қарсыластарым Қырғыстан және Қазақстаннан болды. Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтті және тартысты өтті деп ойлаймын.

РКС: Айта кетейік, бұл балалар үшін алғашқы халықаралық турнир емес. Спортшылардың арасында Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері де бар.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ