ДИКТОР: Ақмола облысының 85 жылдығына орай Көкше төрінде «Сәлем, Көкшетау!» атты облыстық байқау-фестивалі өтті. Бұл шараға вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар қатысты. Өнерпаздар Атбасар, Ерейментау, Зеренді, Астрахан және Егіндікөл аудандарынан келді.

РКС: Фестиваль шымылдығын Егіндікөл ауданынан келген «Жалын» вокалды-инструменталды ансамблі ашты. Олар ашық аспан астындағы сахнада «Астана» әннің тұсауын кесті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЛАУРА ІБІЛӘМОВА, «ЖАЛЫН» ВОКАЛДЫ-ИНСТРУМЕНТАЛДЫ АНСАМБЛІНІҢ ӘНШІСІ: Біз 5 ән дайындап келдік. Бірінші ән «Астана» деген ән. Өзіміздің әріптестеріміз Амангелді Райханұлының әні мен сөзіне жазылған. Қалғаны ретро әндерді дайындап әкелдік.

РКС: Байқау-фестивальде түрлі жанрда, бірнеше тілде 30-ға жуық ән шырқалды. Ал әншілердің арасындағы ең жас орындаушы Зеренді ауданының өкілі Санжар Ұлатай. Ол «Жалын» вокалды тобының әншісі.

СНХ: САНЖАР ҰЛАТАЙ, БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ: Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің саксофон бөлімін аяқтадым. Музыкаға келген себебім елімізді Қазақстанның атын асқақтату. Менің әкем баянда ойнайды, ал анам әнші. Олар музыкадан сабақ береді.

РКС: Өңір өнерапаздарын қала тұрғындары ыстық ықыласпен қошеметтеп отырды. Өнерсүйер қауым шырқалған әнге би билеп, қосыла айтып, ашық аспан астында өткен шараға ерекше сән берді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЫРЫСЖАН МҰСТАФИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өткен жылдардың әндері шырқалып жатыр. Көңіліміз қош!Төбеміз көкке жетіп, қуаныштымыз. Бірінші әннен бастап біз билей бастадық. Үлкен рахмет. Осындай концерттер бола берсін.

СНХ: МАРАТ ӘМРИН, ҚАЛА ҚОНАҒЫ: Ақжар ауданы, Талшықтан келіп отырмын. Әдейілеп естіген соң келдім. Көкшетаудың 200 жылдығы да тойлана бастады. Көңіл күйіміз көтеріңкі жастық шақты еске алып бір марқайып қалдық. Қандай керемет, ауа райы да концертте өте қуаныштымын. Осындай мерекелер бола берсін! Халқымыз аман арқасын кеңге жайған бай қуатты ел болуға жазсын.

РКС: Шара соңында байқау-фестивальге қатысқан өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтардың жетекшілеріне музыкалық гитара аспабы сыйға тартылды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ