Алдағы күндері аптап ыстық болады

ДИКТОР: Ақмола облысында алдағы бүгін, ертең сынап бағанасы 30-дан 35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Синоптиктер жоғары ауа температурасы Иран жақтан келеді деген болжам жасап отыр. Дегенмен, демалыс күндері қатты жел тұрып, найзағай, жауын-шашынды болады. Тұрақсыз атмосфера топырақтың шамадан тыс ылғалдылығына байланысты. Жауын-шашынның булануынан, бұлттар пайда болады. Осыған байланысты Ақмола облысында жауын-шашын көп болып тұр. Ылғалды топырақтың кебуі үшін күн бір апта бойы ысуы керек. Сонда ғана ауа райы қалыпқа келеді.

СНХ: ГҮЛЖАН БАЙМҰҚАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКШІ СИНОПТИГІ: Сенбі күні сынап бағанасы біршама төмендейді. Күндізгі уақытта 22-ден 27 градусқа дейін ыстық болады. Атмосфераның тұрақсыздығынан жұма, сенбі күндері кей жерлерде найзағайлы жауын-шашын болады. Жел күшейіп, күндізгі уақытта найзағай ойнауы ықтимал. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.