ДИКТОР: Интернет алаяқтарының құрбаны болып, бір сәтте бар жиған тергенінен айырылатын жандар уақыт өткен сайын артып келеді. Бұл қоғам үшін үлкен проблемаға айналып отыр. Халықты алаяқтардың алдау механизмдері туралы ақпараттандыру мақсатында Aqmola IT хабында ІТ мамандары арасында бейнебайқау ұйымдастырылды. Қатысушылар мобильді платформаларда алаяқтардың қалай жұмыс істейтінін нақты жеткізуі керек болды.

РЗК: Бейнеролик байқауына 21 команда қатысты. Жазбалар бес критерийге сай болуы керек еді. Мағыналы, сапалы бейнеролик жасау арқылы өзекті тақырыпты ашу керек. Байқауда шығармашылық ізденіске де үлкен көңіл бөлінді.

СНХ: АРДАҚ АНВАР, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ: Бұл бірлескен идея болды, біз Ақмола облысы прокуратурасының алаңында «Smart Aqmola» жас IT мамандарымен бірге кездесіп, ақылдасып, өңірдегі жас IT мамандары арасында үздіктер байқауын өткізу туралы бір шешімге келдік. Алаяқтықпен күрес туралы әлеуметтік бейнероликтің берері көп.

РКС: Биыл 595 интернет-алаяқтық оқиғасы орын алған. бұл былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда біршама көп. Жергілікті құқық қорғау органдары, Aqmola Hub IT мамандары, Ақмола облысының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, әлеуметтік желілерде облыс тұрғындары үшін сапалы ақпараттандырудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

СНХ: ДИАН АЙБАШПАНОВ, «ASTANA HUB» АЙМАҚТЫҚ МЕНЕДЖЕРІ: Байқау өңірімізде қалыптасқан жағдайды халыққа көрсетуге бағытталған. Адамдар қалай тез алданып қалады, өздерінің ақшалары мен деректерін қалай бөтен адамдарға береді. мұны бейнебаян түсіруді білетін жігіттеріміз креативті форматта көрсетіп жатыр. Біз шығармашылық көзқарасты ұстандық. Жалпы, Aqmola IT Hub-та біз жағдайды жақсы жаққа өзгертуі тиіс іс-шаралар өткіземіз. Біздің «Kokshetau Digital Hackathon 1.0» бағдарламасынан кейін ұйымдар бізбен байланыса бастады және біздің істеп жатқан жұмысымыздың тиімділігін көрді. Негізінде біз барлық ұсыныстарды қолдаймыз.

РКС: Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бірнеше критерий бойынша бағалады. Нәтижесінде Евгений Голуб жеңімпаз атанды, оған 150 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Гауһар Карелова екінші кезеңге шығып, 100 мың теңге ұтып алды. 3-орын Антон Земляковқа бұйырып, ол 50 мың теңгеге ие болды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.