ДИКТОР: Облыс әкімдігінде өткен жиында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол салу, жылу беру маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Жиын барысында облыс әкімі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, бұл үшін барлық құрылымдық бөлімшелердің өзара тығыз байланысы және құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру қажет деп атап өтті.
РКС: Жыл басынан бері 11 мыңнан аса нөлдік төзімділік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл қылмыс 19,6 процентке төмендеген. Балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. 537 мектеп бейнебақылаумен жабдықталған. Алайда, бүгінде полицияның кезекші учаскелерінің мониторларында білім аймағының жартысы ғана көрсетілген. Аймақ басшысы осы жайтқа назар аударып, олардың қатарын көбейтуді тапсырды.
СНХ: НҰРСҰЛТАН МҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Білім басқармасымен бірлесе отырып, мектептерде оқушылардың келуі мен кетуін бақылауға мүмкіндік беретін «Алақан» жүйесі іске қосылды, яғни оқушының қолы сканерленгенде, кеткен кезде де ата-анасына SMS жіберіледі. Сондай-ақ, оған ақша немесе қолма-қол ақша қажет емес, сол жүйе бойынша мектепте тамақ сатып алады, кітапханаға барады, бұл жүйе бопсалаудың алдын алуға өте жақсы әсер етеді.
РКС: Жиында жол құрылысындағы мәселелер де талқыланды. Бүгінгі таңда, 139 жобаны жүзеге асыруға 66 миллиард теңге бөлінген. Негізі, 2024-жылға бұдан да көп жоба жоспарланған, бірақ олардың бәріне қаражаттың жетіспеушілігі қолбайлау болып тұр. Бұл жағдайға байланысты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы өз ойын білдірді.
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда облыста жалпы суммасы 200 миллиард болатын дайын жобалар бар. Дегенмен, ол жобалардың жүзеге асуы бірнеше жылды қажет ететіні белгілі. Осыған орай, Марат Мұратұлы, біз жаңа жобалар қажет деп есептейміз, өйткені қолымызда бар жобалар жақын арада жүзеге аспайды. Одан қалды, қымбатшылыққа тап болуымыз әбден мүмкін. Ал, оған жұмсалатаын қаражат бюджеттен бөлінеді.
РКС: Жылу беру маусымына дайындық мәселесі де қозғалды. Облыс әкімі осы бағытта атқарылып жатқан жұмысты сынға алды. Аймақтағы жабдықтар мен қазандықтардың дені тозған. Жауапты мамандарға кемшіліктерді жою үшін бір ай уақыт берілді. Жиын соңында аймақ басшысы бейінді ведомстволарға талқыланатын барлық бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды және қойылған міндеттерді уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.