ДИКТОР: Былтыр негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 646 миллиард теңгені құраған. Еңбек нарығында 35 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 29 мыңы тұрақты жұмыс орны. Орташа айлық 300 мың теңгені құрады, бұл 2022-ші жылға қарағанда 20 процентке көп. Бұл туралы сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында айтылды.

РКС: Облыстық мәслихаттың 2022-жылдың желтоқсанындағы отырысында бюджет кірісі 408 миллиард теңге болуы тиіс деген талап қойылған. Одан кейін былтырғы жылғы бюджет 4 рет талқыланып, 25 рет түзетілді. Нәтижесінде, кіріс бөлігі 16 процентке артық болып, 566,6 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022-жылға қарағанда 80 миллиард теңгеге артық.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыстық бюджеттің шығыс құрылымы 15 функционалдық топтан құрылған. Оның 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталған. Білім беруге 257,3 миллиард теңге бөлінді. Соның есебінен 597 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асырып, 37 мыңға жуық баланы қамтыдық. 29 спорт мектебін қаржыландырып, 10 мыңнан астам бала спорт секциясымен қамтылды.

РКС: Спорт саласында қол жеткізген жетістіктерді ауыз толтырып айтуға болады. Алайда, спортпен қатар жүретін туризм саласы ақсап тұр. Өткен жылды қорытындылаған облыс әкімі туризм саласының көрсеткіші төмен екендігін айтты. Бұл саланың өткен жылғы көрсеткіші пандемия жылдарындағы нәтижеден аспаған. Сондықтан, аталмыш саланы жамыту үші инвесторлар тарту керек. Жалпы, кіріс әкелетін салалардың барлығын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет,-деді Марат Ахметжанов. Ауыл шаруашылығындағы ішкі жалпы өнім көлемі 741 миллиард теңгені құрап, 2022-ші жылмен қарағанда 25 процентке төмендеп қалған. Осы күні біздің өңір республикада шығатын бидайдың 25, сүттің 7, еттің 8 және жұмыртқаның 16 процентін өндіреді.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: 2023-жылы мемлекет тарапынан агро өнеркәсіп кешеніне көрсетілген қолдау мөлшері 115,6 миллиард теңгені құрады. Оның 56 миллиарды субсидия ретінде берілген қайтарымсыз көмек.Азық-түлік белдеуін дамытудағы кейбір қиындықтарға қарамастан, жалпы құны 38 миллиард теңгеден асатын 41 жоба жүзеге асты. Бұл 2022 жылға қарағанда 9 жобаға көп.

РКС: Сөз алғандардың баяндамасын тыңдаған мәслихат депутаттары мен атқарушы органдар 2023-ші жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Жыл қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің кіріс бөлігі толық орындалып, салықтар бойынша берешек сомасы 40 процентке төмендеген. Отырыс соңында қатысушылар облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуын, облыстық бюджеттің атқарылу сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігіне, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдауды, қаржылық тәртіпті нығайтып, бюджет және өзге де заңнамалардың бұзылуын азайтуды міндеттеді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ