ДИКТОР: Қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік мәселенің бірі – құмар ойындарға тәуелділік. Ол көптеген азаматтарды қаржылық тығырыққа тірейді, отбасын бұзады, қылмыс пен суицидке итермелейді,-деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау кезінде сөйлеген сөзінде. Құмар ойындардың зиянын көрсетуде тілшілер маңызды рөл атқарады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің азаматтық қоғамның дүниетанымына ықпалы күшті. Салауатты қазақ қоғамын құру үшін үгіт-насихат ең алдымен тұтастыққа, салиқалылыққа, объективтілікке бағытталуы керек.

РКС: Интернеттің дамуымен құмар ойындарға тәуелділік проблемасы айтарлықтай күшейді. Ол бүкіл халықтың болашағына қауіп төндіретін нақты әлеуметтік пандемия сипатына ие болды. Мемлекет басшысы қауіпті құбылыспен күресу үшін бірқатар батыл қадамдарға бару керек деп есептейді. Жуыр арада тиісті заң жобасы қабылданады.

СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Кешегі БАҚ өкілдеріне сөйлеген сөзінде Елбасы Атырауда өткен жалпыұлттық құрылтайда сөйлеген өз сөзін ерекше атап өтті. Ол біздің қоғамдағы 5 жамандық туралы айтты. Оған нашақорлы пен құмар ойындарға деген тәуелділікті жатқызамыз. Мен құмар ойындарға деген тәуелділікті ерекше атап өткім келеді. Көптеген жастар құмар ойындарға бейім. Құмар ойындар Президентіміз айтқандай, отбасын бұзады, құқық бұзушылықты, қылмысты, тіпті суицидті тудырады. Жастармен жұмыс істегендіктен, бұл біз үшін өте маңызды.

РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін құттықтап, мемлекеттік саясатты түсіндіруде журналистердің алатын орны ерекше екенін атап өтті. Мемлекет басшысы соңғы 5 жылда ауқымды саяси реформалардың да жүргізілгенін атап өтті.

СНХ: НИКОЛАЙ ПОЛИТКИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өңірлік сайлау комиссиясы өз жұмысында сайлау заңнамасын түсіндіру және сайлау үдерістерінің барлық кезеңдерін қамтуға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондықтан бірлескен ісімізде әрдайым сәттілік серігіміз болсын! Облыстық сайлау комиссиясы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Жедел әрі сенімді ақпарат таратып, кәсіби шыңдарды бағындырыңыздар! Ынтымақтастығымыздың беріктігін тілейміз.

РКС: Парламенттің ықпалы айтарлықтай артып, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесі нығая түсті. Саяси партиялардың қоғамдағы рөлі күшейді. Азаматтардың өз пікірін ашық айтып, әлеуметтік белсенділік танытуына мүмкіндік беретін тетіктер әзірленді. Сайлау процесі жетілдірілді. Ауыл, аудан әкімдерін тікелей сайлау енгізілді.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ