ДИКТОР: Қазіргі уақытта облыста көктемгі су тасқынының салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық құрылымдар, меценаттар тарапынан көмек көрсетілуде. Мәселен, жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры тасқыннан зардап шеккен Қабиденовтар отбасына жаңа баспананың кілтін табыстады.

РКС: Дархан және Ксения Қабиденовтар интернационалды отбасы. Екі бала тәрбиелеп отыр. Ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Қызыл су санаулы минутта-ақ баспаналарын кіріп кеткен. Ішінен еш дүние алып шығуға үлгермедік, - дейді Ксения Қабиденова.

СНХ: КСЕНИЯ ҚАБИДЕНОВА, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үйімізді су тез басты. Заттарымызды жинап, жиһазды шығаруға да үлгермедік. Тек көз алдымызда үйдің су астында қалып жатқанын қарап тұрдық. Балалар үшін қиын болды. Қайда баратынымызды білген жоқпыз, себебі анамыздың үйі де су астында қалған. Қазақстан халқы Ассамблеясына мың алғыс.

СНХ: РАФИК МИРЗОЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қордың атынан қайтарымсыз баспана кілтін табыстап жатқаныма қуаныштымын. Елімізде мұндай жағдай енді орын алмаса деп тілейміз. Апат болған кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы алғаш рет 770 млн. теңгеге 1,5 мың тоннадан астам азық-түлік пен қажетті заттармен көмек көрсетті.

РКС: Әзірге Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық қоғамдық қоры 1 отбасына баспана кілтін табыстады. Алдағы уақытта мұндай шара жалғасын табады деген жоспар бар.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ