ДИКТОР: Көкшетауда алғаш рет "QAZ TECH" облыстық ІТ жобалар байқауы ұйымдастырылды. Ерекшелігі қазақ тілінде сөйлеп, ойлап, жазып үйренуге бағытталған қызықты, өзекті жобаларды анықтап, оны құрастырушыларға қолдау көрсету.

РКС: Алғаш ұйымдастырылған байқауға 4 команда және 5 жеке қатысушыдан өтінім түскен. Байқауға қатысушылардың ұсынған жобалары сан алуан.

СНХ: МӨЛДІР ДЕМЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бұл байқау Ақмола өңірінде алғаш ұйымдастырылып жатқандықтан бұл жұмыстар ешқай жерде жарияланбаған болу керек. Іске қосылмаған болу керек. Яғни үміткерлер жаңа жобаларын қорғайтын болады. Жоба өзектілігі бүгінгі күнге сай болуы және қолжетімділігі тұрғысынан бағаланатын болады. Байқаудың тағы бір ерекшелігі қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған. Аити саланың мамандары, бағдарламашылар, осы салада білім алып жүрген студент жастар да қатыса алады.

РКС: Облыстық ІТ жобалар байқауына қатысушылардың бірі - Көкшетау жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Нұржамал Оспанова. Ол "Абай білім" атты мобильдік қосымша құрастырған. Ұлттық нақышта безендірілген жоба қазақ тілін үйренемін деген жанға жақсы құрал болады дейді.

СНХ: НҰРЖАМАЛ ОСПАНОВА, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: "Абай білім" қосымшасы бұл студентке және кез келген адамға көмектесе алатын қазақ тілін меңгеруге көмектесе алатын мобильдік қосымша. Оның функционалдық қызметіне тоқтала кететін болсам онда бірінші сабақты қосу, тест жасау, озвучка, кез келген видеоэлементтерді көруге болады. "Абай білім" деп аталу себебі қазақ тілін көтеру ребрейдинг бренд мағынасында элементті алдық.

РКС: "Qaz Tech" облыстық ІТ жобалар байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі, информатика мамандығының 3 курс студенті Бөкен Ерсұлтан жеңіп алды. Ол тілді телеграмм бот арқылы үйрену жобасын ұсынған болатын.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ