ДИКТОР: Өңірде 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. 300-ден астам адам жарақат алды. Оның 50-дейі бала. Бір өкініштісі, 40-қа жуық адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі жылдамдықты асыру. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында тұрақты түрде кәсіби іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

РКС: Қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында Көкшетауда 22 Сергек бақылау камерасы іске қосылды. Бұл шешім былтыр пилоттық жоба аясында оң нәтиже көрсеткеннен кейін қабылданды.

СНХ: АРМАН НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Көкшетау қаласының аумағында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерге қызмет көрсететін ұйыммен меморандум жасалды. Бүгінде меморандум негізінде қаланың апатты және қауіпті 22 учаскесінде аталған кешендер орнатылды. Оның басты мақсаты белгіленген жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларының талаптарын бұзу сияқты өрескел құқық бұзушылықтарды тіркеу. Ол жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға септігін тигізеді.

РКС: «Сергек» бақылау жүйесі жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлікті мемлекеттік нөмірі бойынша автоматты түрде тіркейді. Операторлар нұсқаманы басып шығарып, көлік жүргізушінің мекенжайына жібереді.

СНХ: ДИАНА ЖҰМАЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Жол ережесінің бұзылғаны туралы хабарлама автоматты режимде тіркеледі. Кейін құқық бұзушыға 1414 арқылы жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақпарат келеді.

РКС: Айта кетейік, бұған дейін облыс аумағында жол қауіпсіздік ережесі бұзылғаны туралы хабарламаны автоматты түрде тіркейтін аппараттық-бағдарламалық 63 кешен орнатылған болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғасы біршама азайған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.