ДИКТОР: Онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтау бағытын жақсарту мақсатында облыстық көпбейінді ауруханасында шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шара емдеу мекемесінің онкологиялық орталық базасында үш секция бойынша өтті. Оған осы профильді дәрігерлер қатысты.

РКС: Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау науқастарды сәтті емдеп, өмірлерін сақтап қалуда маңызды рөл атқарады. Уақытылы диагностика қатерлі ісіктің басқа органдарға таралмаған кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дертті жою мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

СНХ: РАЙЫМГҮЛ БАСЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 3 бөлім бар. Біріншісі маммография бойынша. Мұнда аудандардан, жергілікті дәрігерлер мен зертханашылар шақырылды. Олар тәжірибе ретінде сүт безін сауатты, нақты бейнелей әдісін үйренеді. Дәрігерлерге сүт безі обырын ерте диагностикалау бойынша дәрістер өткізіледі. Екінші бөлім – ультрадыбыстық. Ал үшіншісі компьютерлік томография және магнитті-резонансты бейнелеу бойынша жүргізіледі.

РКС: Қатерлі ісікті дер кезінде анықтаудың басты артықшылығы - аз агрессивті және тиімді емдеу әдістерін қолдану мүмкіндігі. Дерті алғашқы кезеңдерінде минималды араласу арқылы хирургиялық жолмен алып тастауға болады. Сондай-ақ, химиотерапия мен радиотерапияны аз мөлшерде қолдануға болады. Бұл жанама әсерлердің пайда болу қаупін азайтып, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартады.

СНХ: БОЛАТ ӘБІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл мастер-класс біз үшін өте маңызды. Себебі облыстағы онкологиялық аурулардың көрсеткіші еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жетінші орында тұрмыз. Сол себепті, бұл мәселе өңірде өзекті. Шеберлік сағатына облысымыздың барлық өңірлерінен рентген қызметі, ультрадыбыстық, компьютерлік томограмма дәрігерлерін, мамандарын және зертханашыларын шақырдық.

СНХ: ДИНАРА ТҰРЖАНОВА, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ КАРДИОЛОГ-ДӘРІГЕР: Бүгінгі таңда әлем бойынша сүт безі қатерлі ісігі жетекші орын алып тұр. Осыған байланысты шеберлік сағатымыз сүт безі қатерлі ісігінің скринингін жақсартуға арналған. Скрининг сүт бездерінің қатпарлануына тікелей байланысты. Бұл ең алдымен рентген зертханашыларының жұмысы. Мастер класс арқылы ерте диагностиканы жақсартамыз.

РКС: Мұндай шеберлік сағаты еліміздің барлық өңірінде өткізу жоспарланып отыр. Онда алған білімдерін дәрігерлер практикада, науқастармен жұмыста қолданатын болады. Сонымен қатар, сарапшылар жоспарлы медициналық тексеруден және скринингтен бас тартпауға кеңес береді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ