ДИКТОР: Жазғы демалыста Ақмола облысы бойынша 120 мыңнан астам бала сауықтыру мен демалыстың барлық түрімен қамтылады. Мектеп оқушыларының бос уақытын түрлі бағытта өткізу ұйымдастырылуда. Облыста жыл бойы жұмыс істейтін 2 және балаларды маусымдық сауықтырумен айналысатын 15 орталық бар. Сондай орталықтың бірі Ақкөл ауданында орналасқан.

РКС: «Юность» балалар сауықтыру лагеріне ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу үшін 53 миллион теңге қаражат бөлінді. Оған асхананың жабдықтары жаңартылып, жиһаздар, ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтары сатып алынды. Санитарлық нормаларды сақтауға көп көңіл бөлінеді. Бұдан бөлек, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 8 гектарға жуық аумақты алып жатқан лагерьдің периметрі бойынша бейнебақылау камералары орнатылған.

СНХ: ЖАННА РУНК, «ЮНОСТЬ» БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ БАСТЫҒЫ: 22 маусымда «Жаппай оқыту қоры арқылы 100 бала тегін демалып жатыр. Маусымда 4 ауысым бар, әрқайсысында 100 баладан келеді. Биыл үйірме жұмыстарын енгіздік, бұл өте жақсы деп ойлаймын, өйткені балалар телефоннан бір сәт болсын алшақтайды. Үнемі іспен айналысады. Күн тәртібі белгіленген.

РКС: Лагерьдің алғашқы ауысымына келгендердің бәрі Ақкөл ауданындағы елдімекендердің балалары. Солардың бірі – 8 сынып оқушысы Әлішер Әкімов.

СНХ: ӘЛІШЕР ӘКІМОВ, ДЕМАЛУШЫ: Юность» лагеріне демалуға келдім. Мен Барапал тумасымын. Осы Юность лагері өте керемет. Осы лагерь бір жоспармен құрастырылған. Бұл лагерь маған ұнайды. Лагерь өте керемет. Мен осы лагерьге бірінші рет келіп тұрмын. Лагерьде тәрбиешілер мен тәлімгерлер уақыт өте қызық өткізеді. Бізге әр түрлі ойындар көрсетеді.

РКС: Облыс бойынша 1-10 сынып оқушылары арасында әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан 17 мың бала бар. Олардың демалысын тегін ұйымдастыру үшін жолдама сатып алуға «Жаппай оқыту» қорынан 121,5 миллион теңге бөлінген.

РКС: Ақкөл ауданындағы 25 білім беру ұйымында мектеп жанындағы лагерьлер де жұмыс істеп тұр. Оған 1200-ден астам бала келеді.

СНХ: АЛМАГҮЛ ЖАНШҮГІРОВА, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгінгі күні барлық баланың жазғы демалыста өздері қалаған лагерьді таңдауына мүмкіндік бар. Кей балалар еңбекпен еткенді ұнатады. Олар ол жерде аумақты абаттандыруға атсалысып, одан соң демалады. Мұғалімдердің барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Негізінен бастауыш сынып мұғалімдері, себебі бастауыш сыныптар мектеп жанындағы лагерьмен қамтылған.

РЗК: Айта кетейік, 3 маусымнан бері облыста 90 мыңға жуық балаға 50-дей мектеп жанындағы алаң ұйымдастырылған. Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасынан шыққан балалар тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

ЯНА КРЮЧЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.