ДИКТОР: Красный Яр ауылының «Құлагер» ипподромында сенбі күні бәйгеден Қазақстан чемпионатының 6-шы кезеңі өтті. Турнирге еліміздің әр өңірінен 60-тан астам сәйгүлік жиналды. Қатысушылар тек жүлде үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан чемпионатының финалына қатысу құқығына ие болу үшін қатысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Турнир 4 бағыт бойынша өтті. Құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс. Жүлде қоры – 24 млн. 900 мың теңге.

СНХ: МҰРАТ ӨСЕРБАЕВ, ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: 60-тан астам сәйгүлік Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жетісу, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан келіп, қатысып жатыр. Жылқылар өте жақсы, мықты жануарлар.

РКС: Жорға жарыста Сал күрең атты сәйгүліктің иесі Санжар Тымбаев жеңіске жетіп, 2 млн. теңгенің иегері атанды. Құнан бәйгеде 1-орынды Бакарди Гёрлздің шабандозы Арнат Мұратхан иеленді. Алматы облысының өкілі 2,5 млн. теңгемен марапатталды. Дәл осы облыстың Айналайын жылқысының тізгіншісі Сержан Бақтыбай да үздік деп танылды. Оған 4 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық бұйырыпты. Аламан бәйгеде топ жарған сәйгүліктің бірі – Береке. Санжар Иринатұлына жарыстың бас жүлдесі 5 млн. теңге берілді.

СНХ: СЕРЖАН БАҚТЫБАЙ, ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен Алматы облысынан боламын. Мен бүгінгі топ бәйгеден бірінші болып келдім. Менің жасым 12-де. Бәйгеге өзім қызыға бастадым. Атқа 7 жасымнан бастап мінгенмін. Бірақ бәйгеге былтырдан шауып жатырмын. Бір жыл болды. Осы ең ұтқан жеңісім осы.

РКС: Ақшалай сыйлықтарды барлық бағыт бойынша үздік бестікке еніп үлгерген қатысушылар жеңіп алды. Бір ерекшелігі, сайысқа бағын сынауға жігіттерден бөлек, қыздар да қатысқан. Александра Афанасьева Месяц Май сәйгүлігімен жорға жарысында 2 орынға иеленді. Нәтижесінде 1 миллион теңгенің иегері атанды.

СНХ: АЛЕКСАНДРА АФАНАСЬЕВА, ЧЕМПИОНАТ ЖҮЛДЕГЕРІ: Мен 2 ай бойы жорға бәйгесімен айналысып жүрмін. Бұл менің осымен екінші жарысым. Бірінші жүгірісте біз төртінші болып келдік. Осы жолы барлығын дұрыс жасап, екінші болдық.

РКС: Барлық іріктеу турларынан өткен сәйгүліктер Қазақстан чемпионатының финалына қатысады. Турнир 5 қазанда Астанада өтеді. Сондай-ақ, іріктеу қорытындысына сәйкес, 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталмақ.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ