ДИКТОР: Қуанышты әрі әсерлі сәт. Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған бір топ түлек қолдарына бірнеше жылғы еңбегінің нәтижесін дәлелдейтін құжат алды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Биыл Шоқан Уәлиханов атындағы университетін 400-ге жуық жас тәмамдады. Олар біліктіліктерін растайтын құжаттарын қолына алып, үлкен өмірге аяқ басты.

СНХ: САЯ ЖАПАРОВА, С. СӘДУАҚАСОВ АТЫНДАҒЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Диплом тапсыру сәті де басталды. Алдымен «Құрылыс», «Тау-кен ісі», «Экология» мамандықтарынан бастадық. Түлектерге сәттілік тілеймін. Олардың жетістіктеріне әрдайым қуанамыз. Мақтан тұтамыз. Жыл сайын жоғары оқу орнына түсушілердің қатары көбейіп келеді. Бұл ең алдымен біздің университетке деген сенімнің белгісі. Оны ақтап, жоғары деңгейлі мамандарды шығаруға тырысамыз.

РКС: 4 жыл көзді ашып жұмғанша өтіп кетті, - дейді түлектер. Кейбірі оқуларын жалғастырса, енді бірі кәсіби қызметтерін бастамақ.

СНХ: ДІЛНАЗ КӘКЕН, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ: Мен ғимараттарды жобалау және салу мамандығы бойынша білім алдым. Мамандығым бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Қазір тағылымдамадан өтіп жатырмын. Оқытушыларыма алғысым шексіз.

РКС: Қолдарына диплом алған жастардың көзінде от бар. 4 жылдық еңбектің нәтижесі. Түлектер сапалы білім алуға барлық жағдай жасаған оқу орнына, профессорлық-оқытушылық құрамға алғыстарын білдірді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.