ДИКТОР: Зеренді ауданы бойынша биыл 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның бірі Қонысбай орта мектебі. Биыл білім ошағының есік, терезелері ауыстырылып, ғимарат төбесі жаңартылмақ.

РКС: Қонысбай орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары 2 жылға жоспарланған. Биыл мектептің сырты толық жаңартылып, келер жылы іші күрделі жөндеуден өтпек.

СНХ: ДИНАРА КЕНЖЕБОЛАТОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жалпы аудан бойынша биыл 3 күрделі жөндеу жұмыстары болып жатыр. Және ағымдағы жөндеу жұмыстары 9 мектепте болып жатыр. Біз тұрған мынау Қонысбай орта мектебі. 1974 жылы салынған. содан бері бірінше рет күрделі жөндеу жүріп жатыр. Металло сайдингпен сырты қапталады. Төбесін жаңартамыз. Қалған жұмыстар келер жылы атқарылады.

РКС: Қүрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания құрылыс бір айдың ішінде толық аяқталады деп сендірді.

СНХ: БАУЫРЖАН ДАУАНОВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ: Барлығын уақытында аяқтаймыз. Сыртын қаптайтын сайдингке тапсырыс бердік. Материал келе жатыр. Бір айдың ішінде жөндеу жұмыстарын толық аяқтаймыз.

РКС: Елу жылда алғаш рет жөнделіп жатқан мектепте бүгінде 152 оқушы қазақ және орыс тілдерінде білім алуда.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ