ДИКТОР: Мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайту кез келген елдің басым бағытының бірі. Әсіресе Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттердің арасындағы жаһандық бастамаларға ерекше мән беріліп келеді. Ұлы Отан соғысына Ақмола облысына 93 мыңнан астам азамат аттанып, оның тең жартысынан астамын туған еліне оралған жоқ. Көбі із-түзсіз жоғалып кетті. «Көкше-іздеу әскери-патриоттық клубы осы жұмысты үйлестіріп, сұрапыл соғыста қаза тапқан жерлестеріміздің топырағын туған елге жеткізуде ерен еңбек сіңіруде. Бурабай ауданына қарасты Көрнекті ауылының азаматтары Салық Тастыбаев пен Қазыбек Қанқожа Германияда Отан үшін от кешіп, ерлікпен қаза тапты. Жауынгерлердің топырағы да араға 80 жыл салып елге жеткізілді.

РКС: Германияның Хамельн концлагерінде қаза тапқан, бауырлас зиратқа көмілген кеңес жауынгерлері туралы «Көкше-іздеу» әскери-патриоттық клубының мүшелеріне ақпарат келеді. Клуб мүшелерінің бірден іске кіріседі. Зерттеу нәтижесінде жерлестеріміздің 1942 жылы маусым айында Харьков қаласының түбінде немістердің тұтқынына түскені анықталды. Олар әскери тұтқындарға арналған «Шталаг 6» лагерьге қамалған. Салық Тастанбаевтың сол жылдың желтоқсанында, ал Қазыбек Қанқожаның қаңтар айында қайтыс болғаны туралы құжаттар мұрағаттан табылған.

СНХ: ЕРКІНБЕК АБДУЛЛИН, «КӨКШЕ-ІЗДЕУ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Көкше-іздеу» әскери-патриоттық клубы 2018 жылы құрылды. Бүгінге дейін Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған 9 мың ақмолалық жауынгердің жеке ісі қаралды. Тула, Калуга облыстарында және Ленинград қаласының түбіндегі, Украина жеріндегі шайқаста қаза тапқан 330-дан астам жауынгердің сүйегі мен топырағы туған жерге жеткізілді. Мен Германия елінен ақмолалық жауынгерлер туралы хабар алған кезде, әскери мұрағаттық мемориалдық жұмыс жөніндегі өкілі Надежда Бархатовадан бізге көмек беруін өтінген едім. Ол кісі бірден келісе кетті.

РКС: Надежда Бархатова Зеренді ауданының тумасы. Осыдан бірнеше жыл бұрын Германияға қоныс аударған. Қазақ халқының арасында туып-өскен жерлесіміз қаза тапқан жауынгерлердің топырағын құран оқытып алған екен.

СНХ: НАДЕЖДА БАРХАТОВА, ГЕРМАНИЯ ЕЛІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен тұратын Ахен қаласының түбінде Кеңес әскерінің бауырлас үлкен зираты бар. Онда 2300-ден астам кеңес әскері жерленген. Мұсылман азаматтардың есімі мен тегі көп кездеседі. Бұл менің қызығушылығымды оятып, фотосуретке түсіріп Көкшетау қаласының іздестіру тобына жібере бастадым. Осындай зерттеу жұмыстарының барысында елдімекені жазылған 2 жерлесіміз табылды. Бірақ олар Ахен қаласынан 400 шақырым жердегі бауырлас зираттан табылды.

РКС: Қазыбек Қанқожаның немересі Қанат Жанқожин атасының топырағын Астана қаласынан қарсы алып туған жеріне жеткізді. Щучинск қаласында арнайы іс шара өтіп топырақты табыстау рәсімі өтті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚАНАТ ЖАНҚОЖИН, КӨРНЕКТІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қанқожа атамыз 9 ағайынды болып еді. Бұл кісілерден қазір біреуіде қалған жоқ. Дегенмен, осы әулеттің үлкені менмін. Атамыздың аруағы елімізге оралуына өте қуаныштымын. Бізге жеңіс сыйлаған аталарымызға мәңгілік қарыздар болып өтеміз. Өкінішке орай Салық Тастыбайұлының жақын туыстары табылған жоқ. Деседе Көрнекті ауылының тұрғындарының көмегімен бүгін екі атамызға тас қойылып топырақтары жерге табысталатын болады.

РКС: Осылайша, ерлікпен қаза тапқан майдангерлердің елге жеткізілген топырағы жер қойнына тапсырылды. Ал Салық Тастыбаевтың туыстарын іздестіру жұмыстары жалғаспақ. Шара соңында майдангердің ауылдастары аруақтарға аранап ас беріп, құран бағыштады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ