ДИКТОР: «Ауыл» партиясының кезекті ХХІV съезі Зеренді ауданында өтті. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен партияның 100-ден аса мүшесі қатысты. Шара барысында партияның атауы мен логотипіне байланысты өзгерістер енгізілді және елдімекендердің дамуына ықпалын тигізетін бірнеше саяси бағдарлама бекітілді.

РКС: Бүгінде еліміздегі ең ірі аграрлық партия болып танылған қоғамдық бірлестік 2000 жылы өз жұмысын бастады. Ресми тіркелген атауы «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы. ХХІV съезідің басты жаңалығы партияға ребрединг жасалды. Партия мүшелерінің шешімімен қысқаша атауы «Ауыл» партиясы болып бекітілді. Сондай-ақ, съезд аясында партия жарлығына да өзгерістер енгізілді.

СНХ: СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жарғыда біріншіден жаңа кезенге сай, жаңа үрдіске сай партия мен партияның атуынан сайланғандар оның ішіне бәрі де кіреді. Соның ішінде парламентке өтккен біздің азаматтарымыз бар. Біздің ең үлкен фракцияларымыздың бірі 18 депутатымыз бар. Ауыл партиясының фракциясы маслихаттарда, парламентта, әкімшілік корпустің арасында партияның атынан осындай белеске жеткен азаматтардың партиямен қарым-қатынасы қалай реттеледі. Ол бұрынғы жарғыда нақты қарастырылмаған. Кейін мына ребрейдинг және бастауыш партия ашу туралы мәселерлерді осы жарғыда қарастыратын боламыз.

РКС: Саяси бағдарламада отандық зейнетақы жүйесін реформалау, «Ауылдан диплом үшін!» жобасы қарастырылып, қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

СНХ: СЕРІКБАЙ ӨМІРЗАҚОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Алдын ала өткізілген семинарларда ауыл мүмкіншілігін қалай көтеруге болады. Сол жобаларға тұрғындарды тарту, оның қаржылық мәселелері. Ауылда халықты тұрақтандыру. Жастарды ауылға тарту. Оларға жұмыс орындарын ашу, ауылшаруашылық өнімдерің өңдеу сияқты өзікті тақырыптарды талқыладық. Қуантатын жағдай, бұл партияда ғалымдар көп. Солармен бірге жастар бірлесіп үлкен ауқымды жұмыстарды іске асыратын жобалар әзірленіп жатыр.

РКС: Айта кетейік, табиғи апаттан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына "Ауыл" партиясының «Ауыл жастары» құрылыс жасағы баспана салып жатыр. Бүгінде жасақ құрамында 200-ге жуық азамат бар.

СНХ: САНЖАР ТЕМІРБАЙ, СҚО БОЙЫНША «АУЫЛ ЖАСТАРЫ» ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҚТАРЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Ауыл партиясы маған үлкен көмек көрсетті. Су тасқынынан зардап шеккендерге қалай көмектесетінімді білмей жүрген кезде, «Ауыл жастары» жасағы құрылды. Бригада командирі болғаныммен құрылыс жұмыстарына тікелей қатысамын, құрылыс барысын қадағалаймын. Қазіргі кезде біз 200 үй салдық. Болашақта 1000-нан аса үй саламыз.

РКС: Ауыл партиясының отырысында саяси кеңес пен ревизиялық комиссиясының есебі де тыңдалды.Алдағы уақытта жүзеге асырылатын міндеттер бекітіліп, басқарушы органдардың сайлауы өткізілді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ