ДИКТОР: Биыл қазақ халқының арда ұлы, белгілі мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтың туғанына 94 жыл. Еліміздің үш өңірін басқарып, ерен еңбегімен ел азуында аңыз болған дара тұлғаның туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Еркін Әуелбеков Кеңес дәуірінде Социалистік Еңбек Ері атанған тұлға. Жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қай өңірді, қай саланы басқарса да, үлкен табыстарға жеткізе білді. Бүгінде Көкшетаудағы бас көшелердің бірі ел үшін аянбай еңбек еткен ердің есімімен аталады. Мұндай көшелер кезінде өзі басқарған Арқалық, Қызылорда қалаларында да бар. Өйткені, Еркін Нұржанұлы Торғай мен Сыр өңірінде де басшылық етіп, өңір экономикасын өрге сүйреді.

СНХ: ҚАЙЫРГЕЛДІ ӘКІМБЕКОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Бұл кісі үлкен қайраткер болды. 10 жыл Көкшетау облысын, 7 жыл Торғай облысын, 5 жыл Қызылорда облысын басқарды. Кейін жоғарғы Советке, Совет Национальности дейді, соған орынбасар болып барды. Біз Еркін ағамыздың қызметін, еңбегін, адалдығын ұмытпаймыз. Үлкен міндетімі осы кісінің есімін мәңгілендіру. Еркін Нұржанұлының портреті, әрбір библиотекада, мектепте, балабақшада келешек ұрпақ білу керек, біз оны насихаттауымыз керек.

РКС: Оның қажырлы еңбегі халық жадынан өшпек емес. Еске алу шарасында Еркін Әуелбековтың үзеңгілес жолдастары мен қызметтес әріптестері жиналып, ел ардағы жайлы естеліктерімен бөлісті.

СНХ: МАҒАУИЯ РАХЫМБЕРГЕНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ: Мен ол кісімен, мынау Бұлақ совхозында секретарь портком болған кезде ауылға келіп, 1973 жылы 300 адамның алдында сөз сөйледі. Ол кісі артынан 46 христианское хозяство Жаңасу деген елде жасап берген. Ол кісіні мақтан тұтамыз. Жұмысына деген мықты, өте адал, қай жағынан болсын өте мықты, жоғары деңгейдегі азамат болған. Бұл кісінің істеген ісі, 3 облысты басқарып, халқымызға белгілі азамат қой. Мұндай жолын жастарға тәрбие алуға өте маңызды

РКС: Еркін Нұржанұлы мемлекеттік қызметті мінсіз атқарып, өзін ары таза, дарынды басшы ретінде таныта білді. Сондықтан, оның жарқын бейнесі жерлестерінің жадында мәңгі сақталып қалмақ.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ