ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Садовое ауылының тұрғыны биологиялық қалдықтарды органикалық тыңайтқышқа айналдырып отыр. Бақытжан Мәметхан экологиялық таза және пайдалы өнім алуға ниетті. Болашақта өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Тауарды сатуға да рұқсат қағазын алмақшы.

РКС: Бақытжан Мәметхан өз аумағында үлкен кәсіп ашқан. Биологиялық қалдықтардан алынған алғашқы өнім - топырақтың табиғи құнарлылығын қалпына келтіруге көмектесетін биогумус. Көң қызыл калифорниялық құрттарымен жойылады. Нәтижесінде - концентрацияланған, белсенді органикалық тыңайтқыш шығады.

СНХ: БАҚЫТЖАН МӘМЕТХАН, КӘСІПКЕР: Көң мәселесіне келсек, менде өзімде қазір мал жоқ. Өзіміздің көршілер көптеген қара мал ұстайды. Соның көңіне әкеліп береді. Соның арқасында осындай нәтижеге жетіп отырмыз. Жауын құртына келсек тағы да солардың көңін, амиактарын алып өзінің қалыпқы ережесінде жұмыс істетіп, онда да жақсы тыңайтқыштарды алып отырмыз.

РКС: Қалған шикізат бірнеше күнде бір рет 15 текше метр биореакторға жүктеледі. Одан концентрацияланған сұйық тыңайтқыш шығады. Бұдан бөлек, шамамен бір тонна көңнен шығатын 300 литр метан газгольдерге жиналады. Мұндай эксперименттік қондырғының өнімділігі тамақ дайындап, үйді жылытуға жеткілікті, - дейді ауыл тұрғыны.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БАҚЫТЖАН МӘМЕТХАН, КӘСІПКЕР: Биореакторды қою мақсаты – таза тыңайтқыш шығару болды. Өйткені соңғы жылдары жер өте қатты Химиялық нелермен адам денсаулығына өте зияңды болғандықтан, Таза тыңайтқыш пайдалану арқасында көңдегі ащыту процессінде метан шығады. Соның арқасында біз шағын шаруашылықты өзін жылыжайда, өзімізге жеткілікті жетіп тұр. Жақсы электричество, отопление деген бәрі осы көң арқылы шығып тұр.

РКС: Жаңа бастама ауыл тұрғындарының көңілінен шықты. Өндіріс қоршаған ортаға пайдалы. Себебі, қалдықтарды қайта өңдеп, «таза энергияға» айналады. Болашақта ауданға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарда бар.

СНХ: ҒАБИТ БАЛТАБАЕВ, САДОВОЕ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Бұл өндірістің технологиялық процесі сондай-ақ метан өндіруді көздейді. Болашақта оны ауыл тұрғындарына да берсек пе дейміз. Керемет дүние ғой. Осы кәсіпорынпайда болғалы бері ауылда көң де қалмады. Өйткені бәрі осында әкеледі.

РКС: Бақытжан Мәметхан мұндай органикалық тыңайтқыш болашақта үлкен сұранысқа ие болады деген үмітте. Қазір кәсіпкер басқа зертханалармен ынтымақтастық орнатуда. Күзгі егін жинаған кезде сертификаттау процесінен өтеді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБЕВА, АРДАК ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.