ДИКТОР: Соңғы 4 жылда өңір экономикасындағы туризм саласының үлесі мүлдем өзгермеген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш, небәрі, 0,4 процентке жеткен. Оның басты себебі: статистика органдарының жұмыс істеп тұрған нысандарды толық есептемеуінде. Одан қалды, көлеңкелі айналым мен еліміздің басқа облыстарында тіркелген кәсіпкерлеріміз бар. Осы және өзге де өзекті сұрақтар облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен өткен жиында талқыланды.

РКС: Ақмола облысы еліміздің туристік кластерінің үштігіне енеді. Дегенмен, бұл сала әрі қарай даму үшін түбегейлі әрі жүйелі шаралар қажет. Бұл ретте шешімін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Мәселен, жер учаскелерінің жетіспеушілігі байқалады. Сондай-ақ, туризим саласында жүрген кәсіпкерлер атап өткендей, нысандарға инфроқұрылым қажет.

СНХ: ПАВЕЛ БЕЗВЕРБНЫЙ, «DISCOVERY BOROVOE» КУРОРТ-ОТЕЛІНІҢ БАСШЫСЫ: Отель иелері мен кәсіпкерлер барлығын өздері-ақ істейді, тек оларға инфроқұрылым беру қажет. Бұл кәріз жүйесі, жарық, су құбырлары, қонақ үйге апарар жолдарды жөндеу. Бұл сұрақтар осы күндері шешіліп жатыр. Қалғандарын өз күшімізбен жасаймыз деп ойлаймын.

РКС: Осы жылы туристік аймақтардың көліктік-коммуникациялық инфроқұрылымын жамытуға бағытталған 6 жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 6 миллирад теңгеден астам қаражат бөлінген. Сонымен қатар, Бурабай курортын 2029-жылға дейін дамыту жоспары дайындалып жатыр. Оған курортты толыққанды жұмыспен қамтитын инфроқұрылымдық жобалар енгізіледі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл мәселелерді шешпей, бизнестің билікке деген сенімі болмайды. Оны шешпей алға жылжу мүмкін емес деп ойлаймыз. Сондықтан, оны шешу керек. Үкімет тарапынан, мемлекет тарапынан біраз көмек бар. Бірақ, соны дер кезінде алып жеткізетін механизмдарды қарастыруымыз керек. Өйткені,өкінішке орай ол жерде сыбайлас жемқорлықтың да соған тиесілі моменттер бар деп айтуға болады. Өйткені, біреу инвестицияны дер кезінде алады, ал біреу созбаланыққа салынады. Сондықтан, бізде жоспар болу керек. Жоспар ретінде біз білуіміз керек. Қанша объект салынып жатыр, қанша қаражат біз бюджеттен бөлуіміз керек.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов нақты мерзімі мен мақсаты көрсетілген жұмыс жоспарын дайындауды міндеттеді. Сондай-ақ, статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша ұсыныстар даярлап, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, жол учаскілерінің тізімін жаңарту, тәуекел жүйесін бақылау сұрақтарын қарастыру қажет.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ