ДИКТОР: Көкшетауға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев келді. Кездесу аясында ол Болашақ сарайына барды. Одан соң Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар, әдебиет және өнер музейінде шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және қоғамдық кеңестің мүшелерімен жүздесті.

РКС: Алдымен, Мәлік Отарбаев балалар мен жасөспірімдердің "Болашақ Сарайына" барды. Бұл жерде Президент кеңесшісі облыс жастарымен жолықты. Кездесуде бірнеше өзекті сұрақ талқыланды.

СНХ: МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Президентіміздің жалпы баяндамасында көтерілген ең маңызды мәселелерінің бірі ол ынтымақ пен бірлік. Ынтымақ пен бірлік қашан да біздің шаршамай, үнемі айтып отыратын ең басты мәселе. Ең басты тақырып. Өйткені біздің мемлекет егер сақтанып жатса тәуелсіз ел ретінде, егер біз қазір даму үстінде өрлеп жатсақ, онда тек қана осы ынтымақ пен бірліктің арқасы. Бүгін, әсіресе, осы жастардың арасында осы ынтымақ пен бірлік ауа мен судай өте қажет, шыны керек.

РКС: Бұдан кейін Президент кеңесшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен дөңгелек үстелде бас қосты. Сондай-ақ, қонақ назарына сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұсынылды. Талқылау барысында Мәлік Отарбаев ұлттық бірліктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, жиналғандардың барлығына ел Президенті атынан алғыс білдірді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Президент бірлік пен келісімге көп көңіл бөледі. Бұл ең маңыздысы. Осы мүмкіндікті пайдаланып барлықтарыңызға алғыс айтқым келеді. Әсіресе, еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінде қиын сәттер орын алғанда,барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білдік. Сондықтан, мен барлық белсенділерге, әсіресе, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелеріне алғыс білдіремін.

РКС: Кездесу соңында Президент кеңесшісі әдебиет және өнер музейіне барды. Онда жиналған қоғамдық кеңес мүшелері мен шығармашыл зиялы қауым өкілдері Мәлік Отарбаевқа көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

СНХ: МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Президентіміз әрбір сөзінде әділдік туралы айтады. Заңның үстемдігі болмай біз ештеңе шеше алмаймыз. Кез келген мәселе Заңның шеңберінде қаралады. Бес жыл бойы осы мәселені айтып келе жатыр және әділдік деген ұғымнан еш уақытта айныған емес. Өйткені, әділдік орнамай, әділ шешім қабылданбай, әділ бағаланбай қоғамның да, мемлекеттің де болашағы болмайды. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан да, мінекей, президентіміздің сол кезден бастап айтқан әділдігі Атырауда өткен ұлттық құрылтайдағы баяндамасында да, жалпы, осы ұғымға кеңінен тоқталды.

РКС: Мәлік Отарбаев келесі ұлттық Құрылтайдың Көкшетауда өтетінін де тілге тиек етті. Бұл шешім Ақмола облысының мемлекет үшін маңызды өлке екенінің дәлелі.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ