ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясында Мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, сазгер, күйші, дирижер Манарбек Бексейітовтің 85 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Өз уақытында дирижер, композитордың шығармашылығына сүйсінген Көкше халқы әдемі кештің куәсі болды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Манарбек Бексейітов 16 маусымда 1939 жылы Сандықтау ауданына қарасты Жыланды ауылында дүниеге келген. Туған елінде орта білім алғаннан кейін Семей қаласындағы музыкалық училищесіне оқуға түсіп, оны тәмамдаған. Көкшетауға келген соң шығармашылық тұлға алғашқы болып домбыра үйірмесін ашқан. Біржан сал атындағы колледжді жиырма жыл басқарып, қазақ халық аспаптары оркестрін құрды. Өмірі өнермен өрнектелген ел азаматының, өңірдің мәдениет саласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі зор.

СНХ: МҰРАТ ЫДЫРЫСҰЛЫ, МАНАРБЕК БЕКСЕЙІТОВТІҢ ЗАМАНДАСЫ: 1993 жылы Манарбекпен келісіп, осы қазақ ұлттық оркестрін құруға жағдай жасадық. Онда облыс әкімі Есқалиев болған. Сол кісі: «Қасиетті Көкшетауда оркестрдің болмағаны, театр болмағаны сендерге сын. Осыны ұйымдастырыңдар», - деді. 1994 жылы 4 мамырда сол оркестрдің тұсаукесерін жасадық.

РКС: Еске алу кешіне Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен филармония әртістері қатысты. Манарбек Бексейітовтен кейін дирижерлікке «Құрмет» орденінің иегері Тұрлықожа Базаров ие болып, аға ізін жалғады.

СНХ: ТҰРЛЫҚОЖА БАЗАРОВ, К.КҮМІСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДИРИЖЕРІ: Ол музыкальный мектептің директоры болды. Одан кейін мен келдім. Мені өзі шақырып алды. Келдік. Манарбектің үйіне бардық. Өзі әңгімешіл адам екен. Салмақты. Әзілқой. Ән айтып, күй тартқызып маған. Музыка мектебіне апарып мені бәрін көрсетті.

РКС: Манарбек Бексейітов қазақ халық аспаптары оркестрі ұжымының өзіндік орындаушылық дәстүрін қа¬лыптастыруда көп еңбек сіңірді. Мар¬құм оркестрге арналған шығармаларды да өзі жазған. Республикалық байқау¬лар¬дың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған оркестр Венгрия, Польша кө¬рермендерінің де ризашылығына бө¬ленді.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, РИЗА ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ