ДИКТОР: Көкшетаудағы Бейбітшілік шағын ауданында 1500 орынға арналған мектеп салынады. Қазір құрылыстың орны тегістеліп, тазартылуда. Жақын арада мектептің іргетасы көтерілмек.

РКС: Бейбітшілік шағын ауданының оқушылары Сәкен Жүнісов атындағы мектеп-лицей, 11-ші және 13-ші мектеп-гимназияда білім алуда. Сәкен Жүнісов атындағы мектеп-лицей 900 орынға арналған, бірақ онда бүгінде 1900-ге жуық оқушы бар. 13 мектеп-гимназия 800 оқушыға шақталған, бірақ онда оқып жатқан оқушылар саны 2 есе артық. 11 мектеп 456 оқушыға арналған, бірақ онда 2 мыңға жуық бала білім алуда.

СНХ: АЙГҮЛ НӨГЕРТАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы бойынша мектептерде орын тапшылығы мәселесі бар. Соған байланысты Сарыарқада екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бірі мектеп-гимназия болады. 1500 оқушыға арналған. Ол 2025 жылдың ақпан, наурыз айларында аяқталмақ. Екінші мектеп таза мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болады. 1500 орынға шақталған. Оның құрылысы 2025-ші жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталмақ. Бейбітшілік мөлтек ауданында салынатын мектеп құрылысы да қажеттіліктен туындап отыр.

РКС: Мира Қуанбаева көпбалалы ана. Ауданда іргелі білім ошағының салынуы біз үшін үлкен қуаныш,- дейді ол.

СНХ: МИРА ҚУАНБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Биыл біздің ауданынымызға мектеп салынайын деп жатыр. қуанып жатырмыз. Қаңғыбас иттер бар, автогородоктағы мектептен келгенше алаңдап отырамыз. Енді үйдің жанына мектеп салса бізде алаңдамаймыз. Әкімшілік қызметкерлері келіп мына талдарды, ағаштарды жұлуға рұқсат бересіздер ма деп сұрады. Біз аудан болып келістік.

РКС: Бұл мектеп құрылысы 2025-ші жылы аяқталып, пайдалануға берілмек. Сонымен қатар келер жылы Красный Яр ауылында да 1200 орындық мектеп салынады деген жоспар бар.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ