ДИКТОР: Қазақстанның барлық аймағынан 200-ден астам бала Зерендідегі «Ел үміті – 2024» жазғы оқу лагеріне келді. Олар 10 күн бойы сыни, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, қаржылық сауаттылық, әлеуметтік жобалау бойынша түрлі тренингке қатысады. Бұл жобалар 14 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Ашылу салтанатына қатысып қайтқан тілшіміз баяндасын.
РКС: Жазғы лагерьге қатысушылар түрлі республикалық байқаулардың, ауыл оқушыларына арналған «Мың бала», «Ел үміті талант» ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары, «Қабілет», «Ел үміті» жобаларының белсенділері. Биылғы маусымда 8 отряд жасақталған.
СНХ: ТАҢШОЛПАН НЫСАНБАЕВА, ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ ҚАТЫСУШЫ: Лагерьге келгеніме қуаныштымын. Бұл лагерьге мен қалай тап болдым? Жалпы әлеуметтік премиясына қатысу арқылы осы жерге келдім, өте қуаныштымын. Әлеуметтік премия маған көптеген мүмкіндіктер берді. Мен 6 ай бойы, 7 түрлі бағытта өзімді дамыта білдім. Одан бөлек те осы жерге келіп, жақсы достар таптым, жақсы отрядқа түстім.
РКС: Жоба қордың барлық жобаларына қатысушыларды, амбассадорлар командасын, дарынды балалар мен жастар қоғамдастығын қалыптастыруды және одан әрі даму үшін өмірлік дағдыларды меңгеру жолынлағы әр қадамды қолдайды. Оқу лагерінің бағдарламасы бүге-шігесіне дейін ойластырылған. Тағы бір ерекшелігі, Қазақстанның тұңғыш Президенті қорынан әкелінген жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды. Онда 200-ге жуық экспонат қойылды.
СНХ: АЙГҮЛ ҚУАТОВА, «EL UMITI – 2024» ЖАЗҒЫ ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Еl umiti» қорының Қазақстан жастарының дамуына қосар үлесі зор әрі маңызды деп ойлаймыз. Жазда біздің лагерьге келетін балалар үшін мол тәжірибе жинақтайтын алаңға айналары сөзсіз.
РКС: Айта кетейік, облыс аумағында жыл бойына жұмыс істейтін 2 және маусымдық 15 лагерь бар.
СНК: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл біздің жоспарымыз бойынша 14 мыңнан астам бала демалады деп отырмыз. Қазіргі таңда 7 лагерь жұмыс жасап жатыр. Қалғандары 15-нен кейін ашылады. Бірақ, бұл лагерьлерде 6-7 маусымнан 200-300 балаға дейін демалады. Бұл программалары барлығы осы балаларды тек қана демалып қана қоймай, патриоттық тәрбие, жаңа білім жағынан болсын, өте көп жұмыстар істеліп жатыр. Балалардың қабілеттерін арттырып , жақсы демалып, жаңа күш - қуат беріп, ендігі оқу жылына жаңа ізденістер дайындап жатырмыз десек те болады.
РКС: Лагерьдегі бұл ауысым 25 маусымға дейін жұмыс істейді. Айта кетейік, бұл лагерь осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бастама алдағы уақытта да жалғасын табады,-дейді ұйымдастырушылар.
ЯНА КРЮЧЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ