ДИКТОР: Өңірде мамандар су өткізгіш құрылымдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көктемдегі су тасқыны біраз абдыратып, жауапты қызметтердің оған тіпті дайын еместігін көрсетті. Бөгеттер еріген қар суының үлкен көлемін реттеуге шақталмаған. Соның салдарынан өңірдегі бірқатар ауданды су басты. Бұл мәселенің келер жылы қайталанбауы үшін қазірден қамдану қажет. Облыс бойынша осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? Тілші баяндайды.

РКС: Су тасқынынан кейін «Қазсу шаруашылығы» облыстық филиалының мамандары ірі су қоймаларында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Облыс аумағында бөгеттердің гидротехникалық құрылыстарын салу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

СНХ: ОЛЖАС ТҰРЖАНОВ, «ҚАЗСУШАРУАШЫЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі уақытта Астана су қоймасын қалпына келтіруге қатысты конкурстық шара жүріп жатыр. «Казгипроводхоз» институты жеңімпаз ретінде анықталды. Енді олар алдағы 2 жыл ішінде оны әрі қарай жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейді. Сондай-ақ Жақсы және Есіл аудандарының аумағында қосымша судың жиналуын қамтамасыз ететін Есіл контррегуляторын салу жоспарланып отыр. Қазір жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу рәсімі аяқталуға жақын. Одан соң ол сараптамаға жіберіледі.

РКС: Астана қаласының қорғаныш бөгетін жаңғырту да қолға алынбақ. Қазір ол мемлекеттік сараптамаға өткізуге дайындалуда. Жоба жүзеге асырылса, құрылымның сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал құрылғы Нұра өзеніндегі тасқын суларды ағызуды жүзеге асыруға септігін тигізбек. Есіл бассейніне 5 су қоймасы кіреді.

СНҚ: АЙБЕК СЕРӘЛІ, ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы жылы Гидрометтің қорытындысын сәйкес, су 2-ге келді-3. Мысалы, Астана су қоймасын айтатын болсақ, 130-136 миллион су келіп болған. Ал расында су тасқыны кезде келгенде 480 миллион су келді. Ол деген 2 есе арттық келді. Бiрақ бiз арнайы шарлар қабылдап, Ақмола облысының әкiмдiгiмен, төтенше жағдайлар департаменті тиiстi шарпалар қабылдап, су тасқынын өткiздiк. Биыл су тасқыны кезінде Гидромет болжағаннан 2-3 есе көп су келді. Астана су қоймасына жоспардағы 130 миллион текше метрдің орнына 480 миллион есе көп түсті. Су тасқынынан шығу үшін облыс әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, барлық қажетті шараларды атқардық.

РКС: Қарсы реттегіштің құрылысы Есіл өзені ағынының зиянды әсерінің алдын алады. Ол су тасқынының бір бөлігін ұстап қалып, қайта реттейді. Ал ол ең алдымен төменде орналасқан Сергеев және Петропавл су қоймаларының жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, су тасқынына қарсы іс-шараларға 700-ден астам, 55 техника, 36 су сору техникасы жұмылдырылды.

 ЯНА КРЮЧЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАҚҰБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ