ДИКТОР: Биыл алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды қабылдау үздіксіз жүргізілмек. Құжаттарды қабылдау сәуірдің 29-ы мен қазанның 25-і аралығында жүзеге асырылады.
РКС: Конкурстық іріктеу мамырдың 10-ы мен қарашаның 30-ына дейін жалғасады. «Болашақ» стипендиясына құжаттар egov.kz. порталы арқылы қабылданады. Оның аясында Қазақстан Республикасының азаматтарын магистр, философия докторы дәрежелерін алу үшін алдыңғы қатардағы шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқыту жүзеге асырылмақ. Магистр дәрежесіне квоталық санат бойынша ауылды жерлерден үміткерлер, инженерлік-техникалық, медицина саласының қызметкерлері қабылданады.
СНХ: ДИНА ОМАРОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жалпы атап кететін болсақ, халықаралық бағдарлама орталығы «Болашақ» бағдарламасынан бөлек тағы да 2 бағдарламамен айналысады. Біреуі «500 ғалым жобасы», екінші «Үкіметаралық грант». Жыл сайын «Үкіметаралық грант» әртүрлі елдер бакалавр магистратура докторантураға тегін Қазақстан азаматтарына бөледі. «500 ғалым жобасына» Қазақстанның жоғары оқу орындарында жұмыс жасайтын және ғылыми қызметкерлер тапсыра алады.
РКС: «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түсу үшін 2 санат қарастырылған. Алғашқысында әр талапкер өз бетімен құжат жинап, оқуға түсуге қадам жасай алады. Екінші санатта квоталық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
СНХ: ДИНА ОМАРОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өз бетімен түскен санат бойынша ең басты құжаттардың бірі біздің тізімге енген жоғарғы оқу орындарынан шақырту қағазының болуы. Сонымен қатар қазақ тілін білу деңгейі В1-ден кем болмауы керек. Өз бетімен түскен санат бойынша IELTS 6.0-ден кем болмауы керек. Тағылымдамаға қойылатын талаптар ол шетелдегі жоғарғы оқу орын немесе ғылыми ұйымнан шақырту қағаз, бағдарлама үміткер тапсыру қажет. Ағылшын тілін, қазақ тілі деңгейі сертификаттары болу қажет.
РКС: Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 500-ден аса стипендия бөлінді. Оның 395-і магистратура мен резидентураға арналған, ал докторантура бағдарламасы бойынша – 50 шәкіртақы, тағылымдамадан өту үшін – 110 стипендия қарастырылған.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ