ДИКТОР: Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінде жүргізіліп жатқан істің барлығы электронды форматта тіркеліп, тергеледі. Былтыр облыс аумағында қаржылық пирамидаларды құрудың үш оқиғасы орын алды. Оның екеуіне қатысты сот үкімі шығып, алаяқтық схема жасаушылар бас бостандығынан айырылды. Облыстық тергеп-тексеру департаменті өткізген брифинг барысында өзге де өзекті мәселелер айтылды.
РКС: Қаржылық пирамида алаяқтар ойлап тапқан жобалар. Бір қарағанда тиімді инвестиция сиқты көрінеді. Онымен күресу үшін экономикалық тергеп-тексеру департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында форумдар мен түрлі конференция ұйымдастырады. Көп ретте алаяқтардың арбауына жастар жиі түседі. Ал түрлі айланы ұйымдастырушылардың дені әйелдер.
СНХ: РИЗАБЕК СЕРҒАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ағымдағы жылы департамент қаржы пирамидасын құру және басқаруға қатысты 2 қылмыстық істі тергеп жатыр. Атап айтқанда «Chia Tai Pharmaceutical» және «Shareid». Қазіргі таңда екі іс бойынша да тергеу амалдары жүргізілуде. 13 маусымдағы жағдай бойынша 93 жәбірленушіге жалпы сомасы 35,5 миллион теңге шығын келтірілген. Барлығы 373 салымшы тіркелген. Жиналған қаражаттың жалпы сомасы 92,5 млн теңгені құрайды.
РКС: Департамент тарапынан адал бизнесті қорғауға қатысты жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта қылмыстық істерді жаппай тіркеу мүлдем жойылған деуге болады. Әр фактіні прокуратура жіті тексереді. Наурыз айынан бастап қылмыстық іс бойынша кәсіпкерді жауапқа шақырудың жаңа алгоритмі енгізілді. Тергеу әрекеттері толығымен бейнежазба арқылы сүйемелденіп отырады.
СНХ: РИЗАБЕК СЕРҒАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егер сандарды сөйлетер олсақ, жыл басынан бері тіркелген 21 қылмыстық істің тек 3-еуі ғана кәсіпкерлік субъектісіне қатысты. 36 қылмыстық іс өндірісте болған еді. Соның 8-і ғана кәсіпкерлік субъектісіне қатысты іс. Департамент ғимаратының барлық қабатына бейнекамералар орнатылған. Көрінбей қалады дейтін аумақ мұлдем жоқ. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілері ғана емес, қарапайым азаматтар да кез келген заңсыздықтан қорғалған.
РКС: Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралары туралы» Жарлығын тиімді іске асыру бағытында департамент мамандары жұмыс істеуде. Көлеңкелі айналымды мейлінше азайтуға басымдық беріліп отыр. Тергеу амалдарын жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол берілмейді.
ЯНА КРЮЧЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ