ДИКТОР: Облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы тұрғындардан өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты шағым түскен жағдайда тексеруді бастайды. Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, 2023-2024 жылдар аралығында ауқымды жұмыстар атқарылған. Сапа сәйкестігін растау және бағалау рәсімінен өтпеген өнімдердің сатылымда болған фактілері анықталған.
РКС: 2024 жылдың есепті кезеңінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер келіп түскен арыз-шағымдар бойынша сүт, шұжық, кондитерлік, консерві және басқа да өнімдерге іріктеу жұмыстарын жүргізді. Барлығы талдау және сараптау үшін аккредиттелген сынақ зертханаларына жіберілді.
СНХ: ДӘУРЕН ҚАМАЛ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Нәтижесінде зертханалық зерттеулерге 14 өнім жіберілді. Зерттеу хаттамаларына сәйкес, сатып алынған өнімдердің 14 түрі немесе 64 проценті таңбалау бөлігінде (яғни маркировка бойынша) бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде тауар туралы деректер жоқ. Анықталған бұзушылықтар бойынша 4 кәсіпкерлік субъектісі 30 Айлық Есептік Көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оларды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді/
РКС: Бүгінде Қазақстан сөрелерінде импорттық арзан өнімдер қаптап тұр. Мысалы, құрамында құрғақ сүті бар импорттық сүт өнімдерін алар болсақ, өнімнің майлылығы қаптамада көрсетілген ақпаратқа сай келмейді.
СНХ: ДӘУРЕН ҚАМАЛ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мысалы, декларацияларының күші жойылған және тоқтатылған сүт өнімдерінің атауын айтып кетейін олар; - Ресей Федерациясының "Мәскеу-Мединка Агроөнеркәсіптік кәсіпорны" АҚ-ның дайындаған өнім. Ары қарай, тағыда Ресей Федерацисының «Это хорошо», «Самое Любимое», «Свои Продукты», "Село домашкино ", «Отборное», «Гарантия природы», «Бариста» тағыда басқа брендтерімен ультра пастерленген ұнтағынан жасалған сүттер және Белгия елінің таза салмағы 25 кг майсыздандырылған сүт ұнтағы.
РКС: «Сапалы өнім» жобасы контрафактілік, жалған, қауіпті және сапасыз өнімдердің тұтыну нарығына енуіне қарсы тұруға көмектеседі. Мамандар сапасыз өнім фактілері анықталса, тұрғындар «Тұтынушылардың құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігіне хабарласа алатынын еске салады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ