ДИКТОР: Биыл Ақмола облысында 80-нен астам қылмыскер іздеуде болды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы сауда және қызмет көрсету жөніндегісалалық кеңесте криминалды полиция басқармасының бастығы мәлімдеді. Кеңесте аймақтағы супермаркеттер мен дүкендерге адамның түр-тұлғасын анықтай алатын бейнебақылау камерасын орнатудың мүмкіндігі талқыланды.

РКС: Қазақстан бойынша 2200 қылмыскерге іздеу салынған. Олар қоғамға қауіп төндіруі мүмкін. Олардың да өз қажеттіліктері бар. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек сатып алу үшін қоғамдық орындарға барады. Сондықтан, сауда нысандарындағы бейнебақылау камераларын биометрияны есептеу және жеке тұлғаны сәйкестендіру бағдарламасына қосу ұсынылып отыр. Бұл құқық қорғау қызметкерлеріне қаскүнемдермен күресуге көмектеседі.

СНХ: АРМАН САДЫХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Біріншден, бұл іздеу уақытын қысқартуға және қылмыскерді ұстау мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді. Екіншіден, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жүктемесін біршама азайтады. Себебі, жүйе автоматты түрде бейнематериалдарға талдау жасалады. Келбетті тану функциясы бар камералардың арқасында 40-қа жуық қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде 10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүргендер де болды.

РКС: Салалық кеңестің отырысында ақмолалық кәсіпкерлермен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер қашықтан әңгімелесті. Оларға қылмыскерлер туралы мәліметтер базасы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, жасанды интеллектің мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Мәселен, қандай да бір қауіпті жағдай орын алса, бағдарлама бірден полиция немесе күзетшілерге автоматты түрде хабар жібереді. Бизнесмендер мен құқық қорғау органдарының ынтымақтастыңының басты міндеті – қоғамдық қауіпсіздік.

СНХ: РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Облыстық прокуратурамен, полиция департаментімен өзара іс-қимыл шеңберінде құқық бұзушылармен, ұзақ мерзімді іздеуде жүрген қылмыскерлермен күрес өзекті мәселелер екенін білеміз. Ал бизнес-қоғамдастық құқық қорғау блогына жәрдемдесуге дайын. Яғни, жасанды интеллект пен цифрлық технологияны қолдана отырып, жылдам әрекет ету. Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді құқық қорғау блогымен бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз.

РКС: Бизнес қоғамдастық жиналған деректердің қауіпсіздігі мен сақталуының өзекті мәселелерін көтеріп, жауап алды. Заңдылық пен тәртіпке қол жеткізу тек арнайы органдардың ғана емес, барлық тұрғындардың, соның ішінде бизнес өкілдерінің де ортақ мақсаты болып табылады, - дейді кеңеске қатысушылар.

ЯНА КРЮЧЕК, САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАК ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ