ДИКТОР: Облыс орталығында алғаш рет креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті. Шараға облысымыздағы түрлі шығармашылық бағыт өкілдері қатысты. Талқылау барысында креативті өнімдерді насихаттау, олардың ауқымын кеңейту және мемлекеттік секторлармен коммуникацияларды дамытуға қатысты өзекті сұрақтар көтерілді.

РКС: Кездесуде бизнес, коворкинг және брендинг бағытындағы сарапшылар сөз сөйледі. Шара қатысушылары спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын жолдау мүмкіндігіне ие болды.

СНХ: ИРИНА ХАРИТОНОВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Өңірдегі жағдаймен танысуға келдік. Біз екі бағытты таңдадық. Біріншісі бюджеттік тиімділікті арттыру бағдарламасы, екіншісі өңірдегі креативті экономиканың дамуы. Креативті экономика дегеніміз экономиканың жаңа сеткорларын дамыту мүмкіндігі. Бұл жерде талантты адамдардың көп екенін білеміз. Бірақ, мәселелер де жоқ емес. Біріншіден, сұранысқа сай орныдар мен көрікті жерлер жоқ, екіншіден, шығармашылыққа қатысты заңнамаларда олқылықтар бар.

РКС: Сарапшылардың басты мақсаттарының бірі ақмолалық креатив өндірушілерінің қандай қиындықтар мен кедергілерге тап болатындарын анықтау. Және сол проблемаларды шешудің сапалы жолдарын ұсыну.

СНХ: АЯЖАН ӨТЕУОВА, «БИЗНЕС, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біз шығармашылық ұжымдардың алдында тұрған кедергілерді анықтау үшін келдік. Мемлекеттік органдармен дұрыс механизм құрып олардың қалағанын іске асыру керек. Бүгінгі кездесуде біз оларға қауымдастықтар, нетворкингтер және білім беру жобалары жетіспейтінін анықтадық. Қазіргі таңда, министрліктегілер де креативті хабтарды жүзеге асыруға ниетті.

РКС: Облыс аумағында креативті индустрияны дамыту кешенді үрдісті қажет етеді. Яғни, оған дарынды тұлғаларға қолдау білдіру, мәдени шараларды ұйымдастыру, инфрақұрылымды жақсарту және инвестиция тарту кіреді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ТЕМІРЛАН СӘЛІМОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ