ДИКТОР: Көкшетауға Қатар еліне Google бұлтты технологиялар сарапшысы мен еліміздің жетекші IT сарапшылары келді. Aqmola hub қабырғасында мамандар студенттермен, мектеп оқушыларымен, стартаптардың негізін қалаушылармен және IT әуесқойларымен кездесіп, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Бұл шара Kokshetau AI Hackathon 2025 аясында өтті.
РКС: AI Hackathon 2025 –өңірдің IT секторы үшін маңызды. Мұндай шаралардың арқасында жас энтузиастар өз таланттары мен идеяларын іске асыра алады. Биыл қатысушылар өз жобаларын сарапшыларға ұсынды.
СНХ: ОЛЖАС СҰЛТАНИЯ, НАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Хакатон 3 бағыт бойынша жүзеге асырылды. Олар, SmartCity, AgroTech және TravelTech. Бұл біздің облыс үшін тиімді. 100 қатысушы осы бағыттар бойынша бөлініп, өздерінің стартап жобаларын әзірлеу кірісті. Содан соң қазылар алқасы бұл жобаларды бағалады. Осы мүмкіндік үшін мен Ақмола хабына мың алғыс. Олар жиі хакатондар мен кездесулер өткізіп тұрады.
РКС: Google Cloud бұлтты технологиялар сарапшысы Удеш Удаякумар Қазақстанға осымен екінші рет келіп отыр. Ол қатысушылармен AI саласындағы қызықты, әрі қажетті ақпараттармен бөлісіп, қатысушыларды шабыттандырды.
СНХ: УДЕШ УДУЯКУМАР, GOOGLE CLOUD БҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ САРАПШЫСЫ (ҚАТАР Қ:): Мен Google Cloud-тағы жасанды интеллект туралы ақпарат бердім. Өйткені заман талабына сай жасанды интеллект көп жерде қолданылады. Арнайы кодты жаза алады ма, алмайды ма AI шешімін қалағаныңызша жасай алады. Мен сізге осындай шешімдерді әзірлеу үшін қолдануға болатын әртүрлі нұсқаларды және түрлі құралдарды көрсеттім.
СНХ: ТОҚТАМЫС ШАХТИЯР, НАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: AI технологиялары жайлы көптеген қызықты мәліметтер алдық. Сондай-ақ мектеп оқушыларында жасанды интеллект бойынша мүмкіндіктерінің қаншалықты көп екенін және болашақта Google-да жұмыс істей алатынымызды айтты.
РКС: Іс-шараға қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық байқалуда. Мұндай бастамалар Қазақстандағы ІТ-экожүйенің өсуіне оң әсер береді, - дейді ұйымдастырушылар.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ