ДИКТОР: Депутаттар арасындағы әріптестік. Ақмола және Павлодар облыстарының мәслихаттары арасында меморандумға қол қойылды. Келісім өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасу аясында жасалды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Дөңгелек үстел басына жиналғандар пікір алмасып, депутаттардың атқарып жатқан жұмыстарын ортаға салды. Павлодар облыстық мәслихатының халық қалаулары депутаттық корпустың кәсібилігі жоғары болуы керек деп санайды. Біліктілікті арттыруға көп көңіл бөлінеді. Ай сайын мемлекеттік органдармен кездесі, құқықтық сағат ұйымдастырылады екен. Бұдан бөлек, халық алдында есеп беру форматы енгізілген.
СНХ: АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бүгінгі таңда Ақмола облысы өзінің мәслихаттық құрылымын бізге көрсетіп, біз де өзіміздің жаңаша көзқарасымызды көрсеттік. Осы жұмысты әрі қарай нығайту үшін. Ақмола облысы мәслихаты, одан алған әсеріміз өте зор. Жаңа элементтер, кейстер бар. Бізде де өзіміздің кейстеріміз бар. Ары қарай олармен бөлісіп, ары қарай жұмысты жалғастырамыз деп ойлаймыз. Ең басты мақсатымыз халық игілігі үшін және әл-ауқатын жақсартуға негізделген. Екі облыс нәтижелі жұмыс істесе, халық өз алғысын береді деген ойдамын.
РКС: Бүгінгі таңда депутат қоғамда жоғары интеллектуалдық, адамгершілік беделге ие болып, қажетті құқықтық, қаржылық, психологиялық, саяси дағдыларды меңгергені шарт. Сондықтан, қос тараптың бір-бірінен үйренері көп.
СНХ: ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Они меня приятно удивили. Их четко поставленная работа. Выдержанный алгоритм. Именно работа с населением. Именно работа для людей. У них есть разные программы, которые они обсуждают с акиматами, с населением. Где идет такой творческий подход. Для себя мы сегодня берем много новшеств. Очень важный момент что мы должны делится опытом. Конечно у нас тоже есть что показать. Олардың нақты қойылған жұмысы, алгоритмі таңқалдырды. Бастысы халықпен жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Бұл дұрыс. Сондай-ақ, олардың әкімдіктермен, халықпен талқыланатын түрлі бағдарламалары бар. Бүгін өзіміз үшін көптеген жаңашылдықтарды алдық. Нәтижелі кездесу болды. Бізде де көрсететін дүниелер бар. Бастысы тәжірибемен алмастық.
РКС: Кейін қос өңірдің халық қалаулылары аймақ басшысымен кездесті. Марат Ахметжанов депутаттармен облыстың даму жоспарымен бөлісті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президенттік бағдарламасына, мемлекетік концепциялық тұжырымдамасына үлкен сенімді білдіреді. Халык пен билік ортасындағы сенімді қалыптастырып, тығыз қарым-қатынасқа үлкен жол береді. Үлкен жобалар бар. «Кең дала» деген жоба бар. Ол ауыл шаруашылығын ұлғайтып, көтеру керек. Осы депутаттар арқылы халыққа дұрыс жеткізіп, қалай жасауымыз керек, тиімділігін.
РКС: Шілде айында Ақмола облыстық мәслихатының делегациясы Павлодар өңіріне бармақ. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында мәслихаттардың құрылғанына биыл 30 жыл. Осыған орай елімізде халықаралық деңгейдегі үлкен шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ