ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Көктерек ауылының тұрғыны Мұратхан Өнерұлы осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несие алған. Ол қаражатқа жылқы алып, бүгінде аудан орталығынан шағын кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр.

РКС: Мұратхан Өнерұлы осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы 4 проценттік жеңілдетілген несие алды. Оған жылқы мен Зерендіден 25 сотық жер телімін алған.

СНХ: МҰРАТХАН ӨНЕРҰЛЫ, КӘСІПКЕР: Биелер күніне 5 уақыт сауылады. сағат 10-да, 12-де, 2-де, 4-те, 5-те. сосын түнде жайып, бағып келеміз. Сұраныс жақсы, бір күндік сауынның жартысы қымызбен, жартысы саумалмен кетеді. Саумалды үлкен кісілер көп ішеді, ем болсын, шипа болсын деп. Және балаларға көп алады. Онкологиямен ауырып жатқан кісілер көп алып ішіп жатыр, үнемі алады. Тапсырыс жасайды, апарып та беремін. Бірақ саумалды жылыдай өздері келіп ішеді. Кейбір үлкен кісілер келе алмайды оларға өзім апарып беремін.

РКС: Мұратханға мал шаруашылығына Зеренді ауылының тұрғыны Мәди Өмірбек көмектеседі. Мектеп оқушысы жазғы демалысын таза ауада ат үстінде өткізуді жөн көрген.

СНХ: МӘДИ ӨМІРБЕК, ОҚУШЫ: Жазғы демалысқа шығып, Мұратхан ағаға көмектесуге келдім. Менің міндетім кішкентай құлындарды тартып отырып, алып келіп алып кету. Жылқы малы кішкентай кезімнен таныс, жақсы көрем.

СНХ: ҚАЙЫРГЕЛДІ ТӨТЕНБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бірнеше күн осы жерден қымыз алып жүрмін. Жатар алдында ішем. Емге де пайда, үшінші рет келіп тұрмын. тағы келіп аламын деп ойлаймын.

РКС: Кәсіпкер жақын арада киіз үй ішін толық жабдықтап, ішінде ұлттық тағамдар сатылатын қымызхана ашуды қолға алуда. Осылайша ол болашақта бұл жерді туристер демалатын орынға айналдырмақ ниетте.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ