ДИКТОР: Әкімдер тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып, қазынаға инвестиция тартуға міндетті. Қағаз жүзінде құрғақ есеп бермей, қарапайым халықтың пайдасына шешілетін жұмыстар атқару керек. Облыс орталығында өткен барлық деңгейдегі әкімдердің форумында аймақ басшысы Марат Ахметжанов осылай деді. Шараның басты мақсаты әкімдерге консультативтік және практикалық көмек көрсету, олқы тұстарын түгендеп, қай салада болсын білімдерін тереңдетуге септесу.

РКС: Форум басталмас бұрын облыс әкімі Марат Ахметжанов көктемгі су тасқыны кезіндегі қиын жағдайға шолу жасап, қараша халықтың басына төнген сынақтың салдары жайлы айтты. Қуантарлығы, көктемде үйлері суға кеткен тұрғындар біртіндеп жаңа баспанаға ие болып жатыр. Осы ретте, тасқынмен күресуде аса белсенділік танытқан жерлестерімізді Марат Ахметжанов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапаттады. Президенттің Жарлығымен қызметтік және азаматтық борышын атқарудағы жанқиярлығы және төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін бір топ ақмолалық «Құрмет», «Даңқ» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Соңғы жылдары қарапайым халық елдің саяси өміріне белсенді араласуда. Айталық, олар ауылдық және аудандық әкімдерді өздері сайлау мүмкіндігіне ие. Сәйкесінше, тұрғындар таңдаған әкімге қойылатын талап та күшейтілген. Сондықтан барлық деңгейдегі әкімдер халықпен тығыз байланыста болып, өз міндеттерін сапалы атқарулары керек деді,- Марат Ахметжанов.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ең бастысы бүгін, міне, Президентіміз қойып отырған талаптарды білесіздер. Қағаз емес, адамға бағытталған модельге көшу. Өлшемдерді өзгертуіміз керек. Өлшем деген егер халықтың ішінде сыйлы болып, осы жасалып жатқан жұмыстарыңызға халық оң баға беріп жатса, осы беріп жатқан бюджеттен қаражатты тімді жұмсап, соның игілігін, пайдасын халық көріп, сіздерге алғысын айтып жатса, әлеуметтік тұрмыс жағдайы жақсарып жатса сол кезде оң баға деп отырмыз.

РКС: Оң баға алу үшін ауылдарға инвестиция тарту маңызды. Осы сұраққа Президент те баса назар аударады. Бұл ретте, ауыл әкімдеріне салықтық және салықтық емес төлемдерді толық әрі дұрыс жинау міндеті қойылған. Жүктелген талапқа бей-жай қарап, тапсырмалардың орындалуында салғырттыққа жол берген әкімдерді Марат Ахметжанов сынға алды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қаржы бөлінді, мердігерлер бар. Өздерің таңдап алған мердігерлер. Неге дұрыс талап қоймаймыз. Қадағалау қайда, бақылау қайда? Сіздер ойламамңыздар ұсақ-түйек деп. Халықтың, біздің тұрғындардың сенімі осыдан басталады. Олар біледі тендер ойнатып жатырсыздар. Мердігерлер ұтып келіп жатыр. ауыз жаласып отыр деп, сыбайлас жемқорлық деп сіздерге баға береді. Сонда сенімнен жұрдай боласыздар.

РКС: Құрылысы басталған әр нысан толық ел игілігіне тапсырылғанша сол жердің әкімі жұмысты бақылауда ұстау керек. Ал, жауапсыз мердігерлермен соттасу дұрыс емес, ондай жағдайға жеткізбей, олқылықтарды дер кезінде анықтап, талап қоя білу маңызды деген Марат Ахметжанов құрылыс барысын қадағаламай, уақыт өтіп кеткен соң мердігерлермен жылдар бойы соттасып, құрылыс мерзімін созып жіберетін әкімдерге ескерту жасады. Ауқымды шараға арнайы шақыртылған ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ерлан Тоғжанов ауылдан адам көшпеуі үшін, олардың жағдайын жасау керек деді. Әкімдер халықтың ақшасын тиімді жұмсап, әр тұрғынның жайлы өмір сүруіне септесуге міндетті дейді Премьер-Министрдің кеңесшісі. Ол үшін әр облыс өзіне қолайлы бизнеспен айналысу керек. Ал, мемлекет тарапынан қолдау қашан да бар.

СНХ: ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Құспен айналысатын болса, оқытамыз. Үйрекпен айналысатын болса, оқытамыз. Клубникамен айналысатын болса, оқытамыз. Бұүл тек ауылшаруашылғы басқармасының сұрағы емес, бұл мына экономика басқармасының сұрағы. Тікелей солар жауап береді. Оған тікелей жауап беретін экономика, қаржы сосын барып усх, содан кейін әлеуметтік соц защита. Солардың бәрі жұмылып, осы мәселемен тікелей басымызды салып жұмыс істеуіміз керек.

РКС: Форум аясында төртінші деңгейлі бюджет, ауыл аймақтарды абаттандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік сынды басты салалар талқыланды. Ауыл әкімдері мұндай форумдардың берері мол деген пікірде.

СНХ: ШЫҢҒЫС ЖАНДІЛДИН, ОРАЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ): Ең бірінші ауылды жерлерде «Асыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша бізде бағдарламалар көп болса ол кезде жұмыстар жүргізіледі. Иә, бұл жерде бізге өзімізге де білімдер керек. Жобалық сметалық құжаттарды біз қалай, қандай құжатар дайындауымыз керек. Бірінші қандай құжаттар беру керекпіз. Ол бойынша біздің ауыл әкімдеріне бірінші міндет деп ойлаймыз. Сондықтан, осындай форумдар бізге қажет.

РКС: Форум барысында қоғамдық-саяси жағдай, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар жайлы да сөз қозғалды. Шара соңында әкімдердің күнделікті жұмыстарына пайдасын тигізетін өзекті мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ