ДИКТОР: Бурабай ауданында әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар үшін жайлылығы жоғары пәтерлер сатып алынады. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Щучинск қаласында құрылысы аяқталған тұрғын үй кешендерін аралап көрді. Одан 40 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы одан соң «Тұран» жастар демалыс орталығының жұмысымен де танысты.

РКС: Облыс әкімінің бастамасы бойынша биылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй салынбайды. Оларды нарықтағы баға бойынша бәсекелестік негізінде сатып алынады. Жыл соңына дейін Ақмола облысы бойынша осы санаттағы азаматтар үшін 841 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Щучинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Азаматтарға пәтерлер барлық қажетті инфрақұрылымы жабдықталған күйінде беріледі. Марат Ахметжанов құрылыс компаниясы өкілдерімен кездескен сәтінде сапалы баспанамен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жерде әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар тұрады. Көпбалалы аналар, жетім балалар. Сондықтан олар дайын баспанаға келіп, жиһаздарын орналастырып, бірден қоныстануы керек. Бұл бағдарлама Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған. Уақыт жағынан да тиімді. Бұрын осындай үйлер 2-3 жыл салынатын. Қазір бизнесті дамыту үшін дайын тұрғын үйді тауар ретінде бизнестен сатып аламыз. Әрине, біз азаматтардың жайлы өмір сүруі үшін өз шарттарымызды да қоямыз.

РКС: Жасөспірімдердің мәдени демалысын ұйымдастыру үшін өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Щучинск қаласында «Тұран» орталығы жұмыс істеп тұр. Бүгінде оған 50-ге жуық жасөспірім келеді. Жастардың шығармашылық және спорттық жағынан дамуы үшін барлық жағдай жасалған.

СНХ: ӘЛІШЕР БАЙМҰҚАНОВ, «ТҰРАН» ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛУШІ: Жексенбіден басқа күн сайын кешкі бестен тоғызға дейін бұл орталық ашық. Мұнда мұғалімдер, әлеуметтік педагогтарбар. Олармен біз бос уақытымызды өткізу бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Үстелдегі ойындардан бастап, ұлттық ойындарға дейін бар. Тоғызқұмалаққа қызығушылығымыз жоғары. Гитара, домбыра тартуды үйренеміз.

РКС: Облыс әкімі жастар орталығының жұмысына жақсы баға беріп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі. Соңында естелік сыйлықтар табыс етті.

ИНТЕРШУМ:

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ