ДИКТОР: Облыс аумағында 26 отбасын жоспарлау кабинеті бар. Олардың қызметі облыстық әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында талқыланды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдері ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелерінің жұмыс сапары аясында Мүсілім Хасенов пен Татьяна Миронюк тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заңды түсіндірді. Бірқатар кездесу өткізген соң Көкшетау қаласындағы кейбір мекемелерді аралады.

РК: Облыстық әкімшілік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында құқықтық актілер жөніндегі сарапшы Мүсілім Хасенов жақында ғана күшіне енген «Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңды түсіндірді. Қатысушылар бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Басқосуда денсаулық сақтау саласының мамандары да сөз алды. Әйгерім Кәрімова жасөспірім қыздар мен фертильді жастағы әйелдерге медициналық қызмет көрсету тақырыбында баяндама жасады. Облыста 110 акушер-гинеколог және бірнеше репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау мекемелері бар. Жұмыс сапарын жалғастырған Ұлттық комиссия мүшелері олардың қызметімен танысты.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛПІЛӘМ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз фертиль жастағы әйелдерге контрацепциямен қамтамасыз ету, қалаусыз жүктіліктін алдың алу жұмыстары, сонымен қатар, жүктілікті жоспарлап отырған отбасыларға жүктелік алдыңдағы жүргізу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар біз жасқөспірімдермен жұмыс істейміз. Жасөспірімдерге жүктілікті болдырмау, жалпы репродуктивті жүйенің дамуы, репродуктивті денсаулық сақтау көптеген мағлуматтар береміз. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында аборттың, жасаңды түсік жататудың, қалаусыз жүктіліктің болмауын қадағалаймыз.

РКС: Инфрақұрылымдық нысандарда отбасы мен ананы қолдау бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жастарды қолдауға денсаулық орталықтары да үлес қосуда. Мұнда жасөспірімдер репродуктивті даму бойынша кеңестер немесе қиын өмірлік жағдайларда психологиялық қолдау ала алады. Комиссия мүшелері жасөспірімдерге әсіресе жоғары оқу орнына түсу кезінде медициналық психологиялық қолдау көрсетілетіндігін айтты.

СНХ: МҮСЛІМ ХАСЕНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСІ, ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ: Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесу өткізіп, пікір алмастық. Біз барлық проблемаларды талдадық, заңнаманы өзгерту, заңнаманы қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша қандай ұсыныстар жасау керектігін көрдік. Енді Астанаға оралған соң Ұлттық комиссияда, министрліктер мен Парламент деңгейінде осы мәселелерді көтереміз. Қазақстанда отбасы саясаты барынша тиімді жүзеге асуы маңызды.

РКС: Жұмыс сапарының соңында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері Көкшетау қаласындағы білім беру ұйымдарында болды. Онда тәрбие жұмыстары туралы бірнеше кездесулер өткізді. Айта кетейік, облыста маусымның 24-і мен 30-ы аралығында «Репродуктивті денсаулық апталығын» өткізу деп жоспарланып отыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ