ДИКТОР: Биыл Көкшетауда іргетасы қаланғалы қалақ көрмеген 7-ші, 17-ші және 21-ші мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Ал қаладағы алты білім ошағында ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілуде.

РКС: 7-ші мектепте 360-тан астам оқушы бар. Бүгінде мектептің терезелері мен сыныптардың есіктері ауыстырылуда. Сонымен қатар, спортзал толық жөндеуден өтіп, едені жаңартылмақ. Жалпы жөндеу жүмыстарына мемлекет қазынасынан 72 миллион теңге бөлінді.

СНХ: АЙСӘУЛЕ ӘЛІБЕКОВА, №7 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектеп 1991 жылы салынған. Сол жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары болған жоқ. Өңірлік мердігер компаниямен жұмыс жасап отырмыз. Құрылыс жұмыстары ойдағыдай кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. мектепте жалпы қазақ және орыс тілде білім береміз. Биыл жаңа модификацияланған жаңа биология кабинетін алып жатырмыз. Ал 2022 жылы біз дәл осындай модификацияланған физика кабинетін сатып алған болатынбыз. Биалогия кабинетіне 11 миллион теңге кетті.

РКС: Станционный кентінде орналасқан бұл мектептің жөндеу жұмыстарымен құрылыс саласында 20-дан астам жыл еңбек еткен өңірлік мердігер компания айналысуда. Жөндеу жұмыстарына 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылған. Олар жұмысты мерзімінен бұрын аяқтаймыз деп отыр.

СНХ: МЕЙРАМ БАЛҒАЗИН, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ: Бірінші қабаттың терезелері толық пластикалық терезелерге ауыстырылды. Енді 2-ші қабатты бастадық. Жалпы мектепте 200-ден астам терезе бар. Оның 40 проценті ауыстырылды. Ал, 100-ге жуық есіктің 90-ны жаңа есікке алмастырылды. 3-ші қабатта бірнеше кабинеттің есігі мен спорт залдың есіктері қалды. Қажетті материалдар сатып алынды, дайын тұр. Келе аптада еденді ауыстыру жұмыстарына кірісеміз. Құрылыс жұмыстары 14 тамызға дейін жоспапрланған, бірақ біз шілде айының ортасында нысанды қолданысқа тапсырамыз деп отырмыз.

РКС: Дәл осындай жөндеу жұмыстары №17 мектеп-гимназиясында да жүргізіліп жатыр. Мектеп 2 корпустан тұрады. 2014 жылы бастауыш сыныпқа салынған қосымша ғимарат салынды. Сол тұста мектептің инженерлік желілері ауыстырылды. Биыл терезелері ауыстырылып, мектеп ғимаратының сырты жылытқыш материалмен қапталып, сырланбақ. Жұмыс белгіленген уақыттан кеш басталды.

СНХ: МҰХТАР ЕСЕНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ: Талонды 1 жұма бұрын ғана алдық. Май айында істей алмадық. Талонсыз істеуге болмайды деп айтқан соң. Технадзорный конкурс кеш өтті. Сосын талон ала алмадық. Міне енді 2 жұма кеш бастап отырмыз. Бірақ тамыз айының соңына дейін аяқтаймыз.

РКС: Бүгінде бұл мектепте 3600 бала білім алуда. 130-дан астам сынып бар. Ең көп бала бастауыш сыныпқа арналған корпуста оқиды. Биыл мектеп қаражаты есебінен еденге кафель төселді. Дәл қазір сыныптарда әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. 21-ші мектеп-лицейінде терезелер мен сыртқы кіреберістің есігі ауыстырылуда. Оған қазынадан 58 миллион теңге қаражат бөлінді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ