ДИКТОР: Іскер әйелдер қауымдастығының мастермайнд және менторинг жобаларын қорғауға байланысты шара өтті. Өңірлік филиалда 153 қатысушы бар. Оның 125-і-негізгі, 19-ы-жастар қанаты.

РКС: Әйелдер кәсіпкерлігі ел экономикасында маңызды роль атқарады. Соңғы жылдары бизнеспен айналысамын дейтін нәзік жандыларға мемлекет тарапынан қолдау да зор. Қаржылық көмек, оқыту және кеңес берілуде. Мастермайнд бағдарламасының кураторы - Әсел Махмудова.

СНХ: ӘСЕЛ МАХМУДОВА, "BEREKE BANK" ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қауымдастықтағы бұл жобалар үш жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Биыл, нақтырақ айтсақ осы маусымда 2 ағын өткіздік. Іскер әйелдер қауымдастығына кіретін 52 мүшенің 40 нәзікжандысы қатысты. Бір апта бойы топтарға жиналып, идеяларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Кеңестер берілді. Осылайша, мақсатқа жету үшін жұмыс жасалды.

РКС: Шараға Петропавл және Астана қалаларындағы іскер әйелдер қауымдастығының делегациясы, сондай-ақ Егіндікөл, Қорғалжын аудандарының кәсіпкерлері қатысты. 16 адам өз жобасын қорғады.

СНХ: ГҮЛБАНУ МАГАВИНА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл мастермайнд бағдарламасы әйелдер үшін өз мақсатына жетудің жақсы бір жолы. Топтық тұрғыда бір-бірімен коммуникация жасай отырып, идея бере отырып әйелдер өз мақсаттарына жетеді.

РКС: Шара соңында қазылар алқасы үздік жобаларды іріктеп алды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.