ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Ақадыр ауылында мектеп жанынан ашылған этнолагерь ерекше стильде ұйымдастырылған. Демалыс орнында балаларға күн сайын түрлі салт-дәстүрлер, әдеп ғұрыптар, ұлттық ойындар туралы жан жақты ақпарат айтылып, ұлттық тағамдарды әзірлеп, қолөнер сынды құндылықтарды іс жүзінде көрсетуде.

РКС: Бұл демалыс сауықтыру орнының өзгелерден ерекшелігі балалар мұнда ұлттық тағамдарымыз қалай дайындалады, қолөнер түрлері, ұлттық ойындар мен түрлі салт-дәстүрлерді бойларына сіңіруде. Бауырсақ пісіру, май былғау, қымыз дайындау, табақ жасау сияқты жауапты істі мұғалімдерімен бірге істеп үйренуде.

СНХ: ЖАНАТ ТӘНЗИЛА, МЕКТЕПТІҢ КІШІ ПЕРСОНАЛ ҚЫЗМЕТШІСІ: Құрттың жасалуы сиыр сүтінен жасаймыз. Сиырды сауып, сүтін ұйытып, 1-2 күнге қалдырамыз. 2 күн тұрса жеткілікті. Оны алып, сүзіп, ошаққа қойып, қайнатып, күрең құрт болу үшін 6-7 сағат қайнау керек. Ақ құртқа 3-4 сағат жеткілікті. Оны сүзіп алып, кесіп, түрлі пішіндермен құрт жасалады. Қыздар бұл тағамдардың барлығын біледі, жақсы көреді. Денсаулығымызға, келешек ұрпағымызға өте пайдалы.

РКС: Жазғы лагерьде бүлдіршіндер қазақтың қонақжайлылығын көрсететін табақ жасау дәстүрін де көріп, үйренеді.

 СНХ: ҚАБЫЛБАЙ АСЫЛБЕК, МЕКТЕПТІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ МЕҢГЕРУШІСІ: Жазғы лагерьде мінекей, ет асуды көрсетіп жатырмыз. Міне қазы, қарта, жамбас, бас бар. Осындай ас дайындап жатырмыз. Міне мына балаларға осының барлығын үйретіп, қалай пісіреді. Қонаққа қалай салады мектеп оқушыларына үйретіп жатырмыз.

СНХ: АИДА КУЧУМОВА, ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Балалар қазір біз сендермен қазір сары май былғаймыз. Сары май миға, ағзаға, асқазанға жақсы. кез келген жөтелге қарсы жақсы бұл сары майымыз. Сары май былғау үшін қаймақты алып, бөлек ыдысқа саламыз. Ал енді қаймағымызды осылай былғаймыз. содан бізде май шығады.

РКС: Ұлттық лагерьде оқушылар жүнді бояп, иіру, кілем, ши тоқу, көрпе тігу сияқты қолөнерге үйренуде. Ұлттық ойындармен жақынырақ танысып, өзара сайысқа да түсуде.

ест.шум.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ