ДИКТОР: Күн сайын облыстың жүздеге тұрғыны жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалады. Бригадалар адамдардың денсаулығының кенеттен нашарлауына, небір ауыр жарақат алған жандарды аман алып қалуға және жол-көлік оқиғаларына шұғыл шақыртуларға шығады. Көп ретте адам өмірі маманның кәсібилігі мен жылдамдығына байланысты болады. Әр қоңыраудың артында тек дәрігер немесе фельдшер ғана емес, сонымен қатар көлік жүргізуші де тұрады. Бригаданың оқиға орнына және науқастың ауруханаға аман-есен жедел жетуі дәл осы жүргізушіге тікелей байланысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Әрбір жедел жәрдем жүргізушісінің жұмыс күні таңмен таласа басталады. Алдымен медициналық тексеруден өтеді, одан соң түскен шақыртуларға жолға шығады. Көлік жүргізушілері күніне 7-ден 15 шақыртуға дейін барады. Дулат Тасенов 10 жылдан астам жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ол өз өмірін медицинамен байланыстыруды армандағанын айтады.
СНХ: ДУЛАТ ТАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖӘДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: Жүргізушінің қызметі кез келген салада, кез келген құрылымда өте қиын мамандық. Өйткені біз адамдарды тасымалдаймыз және олар үшін жауаптымыз. Бір адам кезінде "Біз құтқару үшін барамыз немесе құтқарып қалу үшін жеткіземіз" деп айтқан еді. Ең алдымен, адам қай уақытта да өз жұмысын жақсы көруі тиіс. Уақытылы келіп, жұмысын істеп кетіп қалу жеткіліксіз.
РКС: Жедел жәрдем бригадалары үшін ең ауыр шақыртулар жүрек-қан тамырлары ауруларымен тығыз байланысты жүрек талмасы, инсульт және комаға түсіп қалу жағдайы екенін жасырмайды. Үйде босанып қалу ерекше назар аударуды талап етеді және балаларға қатысты ауыр жағдайлар да бірінші кезекте тұрады,-дейді мамандар. Мұндай жағдайларда көлік жүргізушісінің маңызды қадамы шешуші роль атқаратыны сөзсіз. Медициналық бригаданың уақытылы келуі бағытты білуі мен жеделдігіне байланысты. Мысалы, I санаттағы шақыртуға жедел жәрдем қызметі шұғыл көмек көрсету үшін 10 минут ішінде жетуі тиіс.
СНХ: АЙЖАН СҰРАҒАН, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ: Жұмысымды жақсы көремін, сондықтан жақсы жұмыс істеуге тырысамын. Біздің қасымызда әрқашан бірге жүретін екінші фельдшер бар. Олар көмекшілеріміз. Одан бөлек, бізге көмектесетін көлік жүргізушілеріміз бар. Ауыр шақырту түскен кезде олар бізге науқасты түсіруге көмектеседі. Барлық мекенжайды жатқа біледі. Жұмысымыз, әрине, өте қиын. Бірақ соған қарамастан, науқастарға уақытылы көмек көрсетуге дайынбыз. Себебі, өз ісімізді шын ықыласымызбен жақсы көреміз.
РКС: Жедел жәрдем бригадалары тәулік бойы жұмыс істейді. Тіпті, бекітілген сағаттан да артық еңбек етеді. Қазір өңір бойынша фельдшерлер мен жүргізушілерді қосқанда 850 қызметкер еңбек етеді. Ал, Көкшетаудың өзінде 230 адам жұмыс істейді. Жоғары жүктемеге қарамастан, жедел жәрдем бригадалары халыққа медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАНИЯР СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ