ДИКТОР: Елімізде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Соңғы жылдары тұрғындардың қауіпсіздігін Ұлттық Ұланның 5510 әскери бөлімінің сарбаздары да қамтамасыз етуде. Бұл жұмыс "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Қазір 5510 әскери бөлімінің сарбаздары кешкі кезекшілікке шықты. Олар бекітілген жерде кешкі сағат 5-тен, түнгі 11-ге дейін өз кезекшілік міндеттерін атқарып, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

СНХ: АЛМАС КЕНЖЕҚҰЛ, САРБАЗ (ТАРАЗ Қ.): Біздің жалпы мақсатымыз қоғамдық қауіпті қамтамасыз ету. Біз полиция қызметкерлерімен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрміз. Ел жұрттарға көмектесіп жүрміз. Біз қалаға шығып, 2-3 сағат көлемінде қаланы аралап жүреміз. Сол кезде бізге ел жұрттар келіп, көмек сұрап кете алады. Мысалы, бір әйел кісі өзінің кішкентай баласын жоғалтып алыпты. Соны іздестіруге көмек бергенбіз.

СНХ: АСҚАР САПАР, САРБАЗ (ҚОСТАНАЙ О.): Көкшетаулықтарға әртүрлі көмек көрсеттік. Кейбіреуінің баласы жоғалып кетеді. Соларды тауып береміз. Кейбірі көшелерді сұрап жатады. Оларға да нұсқаулық беріп жатамыз. Біз одан бетер маңызды іс-шаралар болған кезде оны қоршаймыз. Например, алдымызда жаңа жыл келе жатыр. Сол кезде біз белгілі бір жерді қоршап, қауіпсізді қамтамасыз етеміз.

СНХ: АЛМАС ЖҰМАБАЕВ, САРБАЗ (СҚО): Есірткі сатушыларымен байланысты оқиға орын алған еді. Біз есірткі тасымалдаушыны ұстап алдық. Бірден оны рәсімдедік. Одан кейін полиция қызметкерлерін шақырдық. Міне, осындай ортаға зиян келтіретін адамдарды ұстап, біз көкшетаулықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.

РКС: Жоба 2021 жылы басталды. Қазақстандықтардың өмірі мен мемлекет мүддесін қорғау. Бұл жобаның басты мақсаты. Өз кезегінде "Қауіпсіз ел" жобасы бірнеше бағыт бойынша нақты өзгерістер мен жетістіктерге қол жеткізуді мақсат тұтты. Оның алғашқы жемісі де көңіл қуантады. Қылмыс деңгейі 25 проценте төмендеді.

СНХ: НҰРЛЫБАЙ ХАБАЙ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БІРІНШІ ЖЕДЕЛ МАҚСАТТАҒЫ РОТА КОМАНДИРІ: Қазіргі таңда "Қауіпсіздік ел" жобасына сай Көкшетау қаласының тұрғындарының және оның маңызды обьектілерін қорғау және қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде қызмет атқарамыз. Біздің басты қызмет әрбір бөлімнің өзінің аймақтары болады. Біздің ротаға берілген аймақ бірінші аймақ болып есептеледі. Ол қаланың саябағы. Сол аралықта біз қызмет атқарамыз. Қызмет барысында патрульды бекет қызмет атқарамыз және де қалалық іс-шаралар ұйымдастырылған кезде халықтың қауіпсіздігін сақтауға көмектесеміз.

РКС: Әскери саланы жаңғыртуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар да ұшан-теңіз. Әскери бөлімде жаңа казарма қолданысқа берілді. Одан бөлек, оқ-дәрі, қару-жарақ сақтау жүйелері күшейтілді. Әлеуметтік қауіпсіздік пен құқық қорғау қызметінің тиімділігі де арта түсуде. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін нығайту мақсатында арнайы рейдтер жүргізіліп, жол қозғалысы қауіпсіздігі нығайды. Бұдан бөлек, заң талаптары да қатаңдатылды. Мұның бәрі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан ауқымды жұмыс.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ