ДИКТОР: Өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуге ерекше мән беріліп отыр. Аймақта әскери-патриоттық бағыттағы 70 бейінді сынып жұмыс істейді. Бұл сыныптарда оқыту жалпы білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Алайда бейінді пәндер тереңдетіліп оқытылады. Олардың қатарында әскери өнер тарихы, әскери іс негіздері, әскери топография, бастапқы медициналық білім бар.
РКС: Қазір №11 мектеп-гимназиясында мамандандырылған 7 сынып бар. Онда 80-нен астам оқушы білім алып жатыр. Әсіресе, әскери-медициналық сыныптарды атап өтуге болады. Мұнда оқушылар медицина негіздерін, алғашқы көмек көрсетуді және төтенше жағдайларда әрекет етуді үйренеді.
СНХ: СВЕТЛАНА ШАТАЛОВА, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ӘСКЕРИ-МЕДИЦИНАЛЫҚ СЫНЫБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазір әскери-медициналық сыныпта ұл-қыз аралас 18 оқушы білім алып жатыр. Сыныптарды ашудағы басты мақсат, азаматтыққа және патриотизмге бағытталған, жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру. Ең бастысы ерте жастан кәсіптік бағдар беру. Бұл балаларға болашақ мамандығын төменгі сыныптан бастап таңдауға мүмкіндік береді.
РКС:Бейінді сыныптарда саптық, атыс және спорттық дайындыққа ерекше назар аударылады. Шәкірттердің басым бөлігі спорт секцияларына белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетуде.
СНХ: НҰРЖАН ЕСІМБАЙ, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ «ЖАС САҚШЫ» ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫНЫҢ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: Бұл сыныптардың мақсаты оқушыларды отансүйгіштікке, заң мен тәртіпке, сонымен қатар бұл жердегі дисциплина. Біздің оқушылар көптеген іс шараларға, сонымен қатар патриоттық акцияларға, отансүйгіштікті, сонымен қатар патриоттық рухты дамытудағы көптеген іс шараларға, қалалық іс шараларға. Мектепішілік іс шараларға, сонымен қатар осы біздің еліміздің үлкен іс шараларына қатысқан болатын.
РКС: Мектептегі қызықты бағыттың тағы бірі - «Жас Сақшы» полиция сыныптары да бар. Онда оқушылар болашақ құқық қорғау органдарында қызмет етуге дайындалады. Оқу бағдарламасына мектеп пәндерімен қатар құқық негіздерін тереңдетіп оқыту да енгізілген.
СНХ: АДИНА ЖАНҒАЛИ, «ЖАС САҚШЫ» БЕЙІНДІ СЫНЫБЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл сынып біздің мектепте 2024 жылы ашылды, мен осы сыныпта білім аламын. Бұл сынып маған өте қатты ұнайды. Біз түрлі іс-шараларға, патриоттық акциялар мен жарыстарға қатысамыз. Болашақта полиция қызметкері болғым келеді, бұл мамандық маған өте қызық.
РКС: Бейінді сыныптармен полиция департаменті, 5510 әскери бөлімі және жоғары медициналық колледжінің мамандары тығыз байланыс орнатқан. Мұндай сыныптардың ашылуы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып қана қоймай, жастарды мемлекет игілігі жолында саналы еңбек етуге ынталандырып, ел болашағына үлес қосуға бағыттайды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАК ТЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ