ДИКТОР: Жыл басынан ақмолалық кәсіпкерлердің 71 жобасы 8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Ал желтоқсанның бірінен бастап шағын және микробизнес иелеріне 200 млн теңгеге дейін несие берілмек. Оның 40%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
РКС: Хамит Әкімов - 14 жыл бойы облыстық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде қызмет еткен білікті дәрігер. Бүгінде ол мемлекеттік қолдаудың арқасында субсидия алып, жеке стоматологиялық кабинетін ашып отыр.
СНХ: ХАМИТ ӘКІМОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Даму» қоры біздерге зданиені сатып алуға үлкен көмегін тигізді. 55 млн тг шықты. Соның 8 пайызбен даму арқылы алдық. Субсидия. Жас кәсіпкерлеге өте қолайлы программа.
РКС: Ал, желтоқсанның бірінен бастау алған жаңа субсидиялау бағдарламасына өндіріс, білім беру, медицина, туризм, логистика, баспа және ветеренария саласындағы кәсіпкерлер қатыса алады.
СНХ: БОТАГӨЗ ХАСЕНОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Осы жолы тек шағын және микробизнес иелері ғана мемлекеттік қолдауға ие. Несиенің пайыздық үстемақысы 22 пайыз. Оның 40 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. Сөйтіп, кәсіпкер үшін пайыздық үстемақы тек 13,2 процент болмақ. Әлеуметтік кәсіпкер үшін одан да төмен.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ