ДИКТОР: Өңірде денсаулық сақтау саласындағы ең ауқымды жобалардың бірі – 630 орынға шақталған көпсалалы аурухананың құрылысы жүргізілуде. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов түрік компаниясы «Ренессанс Холдинг» мердігерлерімен кездесіп, нысанның құрылыс барысымен танысты.
РКС: Бүгінде нысанда жер қазу жұмыстары толық аяқталып, монолитті құрылымдар мен ғимарат қаңқасы тұрғызылуда. Сондай-ақ, қасбеттік жұмыстар жүргізілуде. Құрылысқа 1500-ге жуық маман жұмылдырылған. Көпсалалы аурухананың құрылысы 30 процентке дайын.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазіргі таңда біздің мәліметіміз бойынша Қазақстанда Орталық Азияда ең үлкен жоба, сондықтан біз өте қуаныштымыз, осы Ақмола облысында салыныватқанына ол бұл жерге ы, өйткені бұл жерге енді сапалы. Ем алуға мүмкіндік туғызады, халыққа бұл тек қана Ақмола облысы емес жоспар бойынша мынау көршілес облыстарымыздың да тұрғындары осы жерде ем алуға толық мүмкіндігі туады және осы жаңа.
РКС: Жаңа аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылып, алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сай жетекші медицина орталықтарының біріне айналмақ.
СНХ: БОЗКУРТ САБРИ ЖАН, «RONESANS HOLDING» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетауда осындай халықаралық деңгейдегі аурухана салып жатқанымызды мақтан етеміз. Жоба беделді халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылуда. Аурухананы 2027 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
СНХ: АНДРЕЙ ПРУЧАНСКИЙ, «RONESANS HOLDING» ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Бұл тек заманауи аурухана ғана емес, ғылыми орталық та болады. Бұл – бүкіл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін үлгі боларлық нысан, мақтан тұтар жоба.
РКС: Жоба аясында екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Заманауи медицина кешені өңір тұрғындарын диагностикадан бастап күрделі операцияларға дейінгі жоғары технологиялық көмекпен қамтамасыз етпек.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ