ДИКТОР: Жарқайың ауданына қарасты Тассуат ауылының көшелері енді түнде де самаладай жап-жарық. Заманауи үлгідегі 20 жарық шамы орнатылды.
РКС: Жарық мәселесі ауыл тұрғындарының ұзақ жылғы ортақ тілегі еді. Бұл түйткілді мәселе жуырда шешімін тауып, көшелер жаңаша кейіпке енді. Ал тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасы айтарлықтай артты.
СНХ: БАҚЫТ ЖАМАНОВА, ТАССУАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Әр көшеге жарық шамдары қойылды.Өте керемет. Осыған дейін аудан әкіміне кездесуге барғанда осындай өтініш білдіргенбіз. Халықтың атынан біздің ауылға жарық берсін деп. Өтінішімізді қабыл етіп, жарық берді. Тассуат ауылының тұрғындары атынан алғыс айтамын.
РКС: Жоба аудандық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен жүзеге асырылды. Көшелерді жарықпен қамтуға 6 миллион теңге бөлінген. Жаңа бағандар Ыбырай Алтынсарин, Иманов, Целинная, Әліби Жангелдин және Ишимская көшелеріне орнатылды.
СНХ:РӘШИД ТАСТЕМІРОВ, ТАССУАТ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Жобаны іске асыру жұмыстары екі күн ішінде аяқталды. Орнатылған шамдар күн қуатымен жұмыс істейді. Бұл әрі үнемді, әрі экологиялық жағынан тиімді. Жарық беру жұмыстары аудандық бюджеттен бөлінді.
РКС: Шалғайда жатқан ауыл тұрғындары үшін мұндай жобалардың маңызы зор. Алдағы уақытта аудан аумағындағы өзге де елдімекендерде инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғаса бермек.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ