ДИКТОР: Биыл қыркүйек айында Қазақстанның индустриялық-аграрлық өңірі саналатын Ақмола облысында өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев импортты толықтай алмастыру міндет емес екенін атап өткен еді. Президент мүмкіндігі бар салаларда ішкі нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз етуге басымдық беру қажеттігін айтып, өңірде машина жасау саласы мен жеңіл өнеркәсіптің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Ал жергілікті кәсіпкерлердің қай бағыттарда импортты алмастырып қана қоймай, өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығарып отырғаны туралы тілші баяндайды.

РКС: Аймақтық кәсіпорындарда өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасы бүгінде жергілікті нарықта кең сұранысқа ие. Сапасы жағынан ол шетелдік аналогтардан еш кем түспей, сенімділігімен және тиімділігімен ерекшеленеді. Өңір диқандар мен шаруаларға қажетті техникалар мен түрлі жабдықтармен өзін толықтай қамтамасыз етіп отыр.

ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: Биыл Үкімет отандық өндірістегі техниканы сатып алуға 250 миллиард теңге бөлді. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасының шарттары тиімді. Жылдық мөлшерлеме небәрі 5 процент. Осы қолдаудың арқасында қазақстандық фермерлер 7 мың ауыл шаруашылығы техникасын жаңартты. Оның ішінде 1 600-ден астам техника өңірлік аграршыларға тиесілі. Бұл мақсатқа аймақта 62 миллиард теңге бағытталды.

ИНФОГРАФИКА:

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУ

• MADE IN KZ

• 250 МЛРД.ТЕҢГЕ

• 5% ЖЫЛДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ

• 7000 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

• 62 МЛРД. ТЕҢГЕ

• 1600 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫ

РКС: Мұндай жоғары нәтижелерге жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жүйелі әрі мақсатты еңбектің арқасында қол жеткізіп отыр. Қазақстанда шығарылатын комбайндардың жартысынан астамы бүгінде Ақмола облысының еншісінде. Өңір кәсіпорындары өндірістік қуаттарын кезең-кезеңімен арттырып қана қоймай, өздеріне ғана тән бірегей өнімдерді де әзірлеуде. Бұл – отандық ауыл шаруашылығы саласының нақты қажеттіліктеріне сай жасалған жаңа буындағы заманауи техника түрлері.

СНХ: АНДРЕЙ АНТРОПОВ, KAZROST ENGINEERING LTD ЖЕКЕМЕНШІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Біз түрлі техника шығарамыз. Қазір өздеріңіз көріп тұрсыздар, комбайндар, сондай-ақ трактор шығарамыз, комбайндарға орақ құрастырамыз. Өз өнімімізді шығаруға тырысып жатырмыз. Бастапқыда аса қиын емес, жеңіл өнімдер құрастырудамыз. Қазір жаңа өнімнің бір түрін бастадық. ЖНУ-9 астық орағы. Биыл құрастырып шығардық, сынақтан өтті. Кейбір ескертулер бар. Келер жылдың маусымына осындай 5 орақ дайындамақпыз. Оны сынақтан өткізу үшін түрлі 5 шаруашылыққа жібермекпіз. Болашақта шаруашылықтарды толық қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар.

РКС: Ауыл шаруашылығы техникасына бағдарланған машина жасау құрылысы облыс үшін негізгі сала. Салыстырмалы түрде жалпы өндіріс көлемінде жеңіл өнеркәсіптің үлесі аз. Десе де, аймақта бұл сала да даму үстінде. Мәселен, Көкшетаудағы кәсіпорын-өндіруші еліміз бойынша полимер қаптамасы нарығында көп жылдан бері көшбасшы. Бұл жерде бір жылда 19 мың тоннадан астам дайын өнім өндіріледі.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ ЕСКЕНДІРОВА, ӨНЕРКӘСІП БРИГАДИРІ: Жұмысы жақсы. Енді істеген адамға бәрі жақсы ғой. Әртүрлі қапта өндіріп шығарамыз. Бір күнде 5 мың – 6 мың қапта шығарамыз, күніне. Әртүрлі жүктер келеді. Соған сәйкес тоқимыз. Шикізаттар енді бізде мынау экструдердан шығарады. Полипропилен жіптер шығарады. Сапасын бәрін қадағалап, сай жұмыс істейміз. Мен осы ұжымда 19 жылға кетті үзіліссіз жұмыс атқарып жатырмын. Осы жұмыс барасында қаншама шәкірттер жібердім.

РКС: Компаниялар тобы ширек ғасырға жуық аралықта өңірлік фабрикадан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ірі өнеркәсіп кешеніне дейінгі жолдан өтті. Өндірісте 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жергілікті нарыққа сұранысқа ие мамандар ұсынады, үздіксіз өсу үстінде. Экспорттық әлеуеті зор, сонымен қатар ішкі нарық үшін импорт алмастыруға да бет бұрған.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ