ДИКТОР: Көкшетаудағы 19-шы мектеп жанындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталық Қазақстанның барлық өңірі бойынша ең үздіктер қатарында. Мұнда білікті мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейді. Облыстың және өзге де аймақтардың педагогтарымен және ата-аналарымен тәжірибелерімен бөліседі. Қамқорлыққа, әлеуметтендіруге және қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

ШУМ:

РКС: Айгүл Ескендірова – мұғалім-логопед. 10 жылдан астам ерекше білім беруді қажет ететін балалармен айналысады. Инклюзивті білім беруді дамытудың облыстық ресурстық орталығында маман ауызша және жазбаша сөйлеу жағынан кемтар балалармен жұмыс істейді.

СНХ: АЙГҮЛ ЕСКЕНДІРОВА, ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҰҒАЛІМ-ЛОГОПЕДІ: Жұмысымызда түзету тәсілдері мен әдістерін қолданамыз. Ол баланың коррекциясын дамытуда, ерекше білім беру қажеттіліктерінде аса маңызды қадам. Биыл менің сыныбымда 35 оқушы бар. Олардың бәрі логопедтің сабағына қатысады.

РКС: 19-шы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар 60-тан астам оқушы оқиды. Ресурстық орталық балалардың сапалы білім алуы жолында белсенді жұмыс жүргізеді. Олардың әрі қарай әлеуметтенуіне жәрдемдеседі. Бұл жерде 4 педагог-ассистент, жеке көмекші, үш үштен логопед пен дефектолог, 2 психологпен қатар әлеуметтік педагог еңбек етеді.

СНХ: ІЛИЯС ЖАНҒАЛИ, ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Біздің мектеп 2014 жылдан бастап облыстық ресурстық орталық болып есептеледі. Бұның негізгі мақсаты ресурстық орталықтың негізгі мақсаты бұл ата-аналарға, педагогтерге, оқушыларға психологиялық педагог қолдау және жалпы инклюзивті бойынша консультативтік әдістемелік көмек көрсету болып табылады әдістемелік орталықпен бірлесе отырып және білім басқармасы білім бөлімдерімен бірлесе отырып ресурстық орталық әртүрлі деңгейдегі мұғалімдерге ата аналарға арналған семинарлар, конференциялар, коучтар және супервизиялар өткізуде, ұйымдастыруда.

РКС: Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жыл сайын мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, сыныптар интерактивті панельдермен жарақтандырылуда. Облыс бойынша ерекше білім беруді қажет ететін 13,5 мың бала инклюзивті оқытумен қамтылған.

СНХ: МАРАТ ЫБЫРАЕВ, ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Соңғы жылдары мәслихаттың, облыстық әкімшіліктің қолдауының арқасында мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту кабинеттері ашылып жатыр. Бұл білім саласындағы инклюзия аясында жүзеге асырылуда. Қазір облыстың күндізгі 127 мектебінде осынша кабинет ашылды. Келер жылдары да бұл үрдіс жалғасады.

РКС: Қалаларда ғана емес, ауыл мектептерінде де инклюзивті оқытуға арналған кабинеттер жарақтандырылған. Ақмола облысы үшін бұл үлкен жетістік. Алдағы уақытта инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесі бұл бағытта білім беретін ұйымдар санын көбейтуді жоспарлап отыр.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ